Блог статистикасы
196
Blog
2537
Апелляциялық
106398
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 28 Октября 2017

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Қостанайда облыс ауыл шаруашылық қызметкерлері өздерінің төл мерекесін атап өтті.

Салтанатты жиынға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, қала және аудан әкімдері, басқарма мен департаменттердің басшылары, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері қатысты.

Жиында жыл қорытындысы туралы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов баяндады. Ол үстіміздегі жылы өңір ауыл шаруашылығының жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталды.

Биыл қостанайлық диқандар мол өнім алды. Еліміз бойынша барлығы 21 млн тонна астық жиналса соның 5,2 млн тоннасы немесе 25%-і Тобыл өңірі шаруаларының үлесіне тиді. Астық шығымы жөнінен облыс бойынша Федоров, Қостанай, Меңдіқара тәрізді бірқатар аудан көш бастады. Жекелеген шаруашылықтар арасында «Запасное» ЖШС әр гектардан 28 центнерден, «Өтемісов.К», «Сатаев.Б» шаруа қожалықтары 27 центнерден сапалы астық жинап алды.

Жалпы, өңір 342 млрд теңге ауылшаруашылық тауарларын өнімдерін өндірген. Яғни, өткен жылғымен салыстырғанда өсім 7%-ке тең. Сондай-ақ, облыс шаруалары 52 мың тонна картоп, 25 мың тонна көкөніс жинады. 270 мың тоннадан астам майлы дақыл өнімдері ел ырыздығына айналды. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері үстіміздегі жылы 125 егін оратын техника сатып алыпты. Жалпы, соңғы бес жыл ішінде барлығы 65 млрд теңгеге 5 мыңнан астам техника алынған.

Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бір топ ауылшаруашылық мамандарына «Еңбек ардагері» медалін тапсырды. Олардың арасында Валентин Сивиридов, Жармағамбет Жүзбаев бар. Ал ұзақ жыл ауылшаруашылық саласына сүбелі үлес қосқан Қалыбек Назарбеков, Тоқтарбай Қадамбаев, Николай Поспелов, Олег Даниленко, Иван Ветчейн, Жомарт Жүргімбаев тәрізді азаматтар «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, Юрий Чеховский, Бақытжан Тілеубаев, Сергей Блок                                 «ҚР ауылшаруашылық саласының үздігі» төсбелгісін омырауларына тақты.

Меркелік жиын соңы облыс өнер шеберлерінің концертіне ұласты.



хат жіберу