Блог статистикасы
196
Жазбалар
2840
Өтініштер
135602
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 21 Декабря 2017

«Жастардың алтын кітабы» лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Жастардың алтын кітабына» енген лауреаттарды марапаттады.

 «Жастардың алтын кітабы» алғаш рет 2005 жылы жарық көрді. 2010 жылы кітаптың бірінші томы аяқталды. Осы уақытқа дейін үздіктер тізіміне барлығы 184 лауреат енгізілген. Ал биыл 147 үміткер тіркелсе, оның 11-і ғана лайық деп танылды.

«Бұл кітапқа жыл қорытындысында үздік көрсеткіштерге жеткендердің есімдерін жазамыз. Сондай-ақ, мұны жастардың жеке көрсеткіштері деп қабылдамаған жөн. Бұл қоғам алдындағы жауапкершілік саналады, мыңдаған адам алтын жастарға қарап бой түзейді. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!» - деді облыс әкімі марапаттау рәсімі кезінде.

Жылдың тағы бір ерекшелігі - лауреаттардың клубы құрылмақ. Бұл жастардың ерікті бірлестігі болады. Онда есімі құрметтелген жандар өңірде қалыптасқан проблемаларды бірлесіп талқылап, түрлі мәселелерді шешуде тиісті бастамалар көтермек. 



хат жіберу