Блог статистикасы
196
Blog
2537
Апелляциялық
106491
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 25 Августа 2017

Қостанай облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі

2017 жылғы 25 тамызда Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның концерттік залында Қостанай облысының әкімі А. Б Мұхамбетовтің қатысуымен білім беру қызметкерлерінің кезекті тамыз кеңесі өтті.

          Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары, қалалар мен аудандар әкімдері, облыстың ірі кәсіпорындарының, облыстық білім басқармаларының басшылары, облыстық білім беру ұйымдарының директорлары, педагогикалық еңбек ардагерлері, педагогикалық және ата-аналар қоғамы қатысты.

         «Қоғамдық сананы жаңғырту аясында білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары мен проблемалары» негізгі баядамасымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Б. Б. Даумова баяндама жасады. 

Сондай-ақ, кеңесте Федоров ауданының әкімі Т. Қ. Исабаев, Амангелді ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы С. О Төленов, Қарасу ауданының Железнодорожный ОМ биология мұғалімі А. И. Коптев, Қостанай жоғары политехникалық колледжінің директоры А. І. Дощанова, ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығының директоры А. А. Павличенко, патронат тәрбиешісі Г. К.Төлегенова сөз сөйледі.

Кеңесті облыс әкімі А. Б.Мұхамбетов қорытындылады.

Дәстүрлі түрде марапаттау рәсімі өткізілді, онда, әлеуметтік мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасары М. Қ. Жүндібаев білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталды. Барлығы білім саласының 71 қызметкері марапатталды. Оның ішінде «Орта білім беретін үздік ұйым» болып «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №1 лицей-мектебі» ММ танылды, оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов 19 567 200 теңгеге сертификат табыстады.

хат жіберу