Блог статистикасы
195
Жазбалар
3447
Өтініштер
146985
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Облыс әкімі Қостанайдағы этномәдени бірлестіктерге 2,5 млн теңгенің сертификатын табыстады

Қостанайдағы Бірлік мейрамы «Бір халық - бір ел» атты мерекелік бағдарламамен атап өтілді. Айтулы датамен тұрғындарын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. «Қазақ жеріне қоныстанған өзге этнос өкілдері жергілікті халықпен етене жақын араласып, бір атаның баласындай болып кетті. Біз үшін достық, бауырластық ұғымы тым бағалы. Қоғамдық келісім мен өзара түсіністік еліміздің өркендеуінің негізі. Біздің еліміз осы бірліктің күшімен түрлі белестерді бағындырып келеді. Қостанай облысын 90-нан астам ұлт пен ұлыс мекен етеді. Бүгінгі мейрам олардың бәріне ортақ. Түрлі ұлт өкілдерін қосқан шаңырағымыз аман болсын!» - деді өңір басшысы.

Мұнан соң Архимед Мұхамбетов облыстағы этномәдени бірлестіктер үшін 2,5 млн теңгенің сертификатын тапсырды. Ассамблея мүшесі Қалқаман Жақыптың сөзінше, бұл қаржы жергілікті этномәдени бірлестіктердің офистерін жарақтандыруға жұмсалмақ.

«Бірлік пен тыныштық орнаған жерде береке болады. Егемендік алған жылдары, нарық экономикасына көшер кезде біздің ел өзінің ынтымақ-бірлігін алдыға қойды. Сол арқылы заманның түрлі сынақтарына қарсы тұрды. Міне, бірліктің арқасында жеткен жетістіктерімізді әлем біліп отыр. Мысалы, бүгінгі шарада түрлі этнос өкілдері өздерінің салт-дәстүрі мен мәдениетін, өнерін паш етуде аянып қалған жоқ. Мұның өзі ел ішіндегі саясаттың нық орнағанын білдіреді», - деді Қ.Жақып.

Мерекелік шара аясында облыс әкімі Сити-орталықтағы алкогольсіз сусындар көрмесіне қатысты. Мұнда әр ұлт өздерінің ұлттық сусындарын көрсетті. «Алкогольсіз сусындар жәрмеңкесін Бірлік күні мерекесінің жаңашылдығы деуге келеді. Бұл көрмені өткізудегі мақсат халықты әр ұлттың сусындарымен таныстыру еді. Мысалы, өзбектердің ұлттық сусыны көк шәй екенін көбі біле бермейді. Бұған қоса, тұрғындарға көк шәйдің шығу тарихы мен пайдасын айтамыз», - деді өзбек мәдени бірлестігінің өкілі Жанна Тынымбаева. Облыстық филармонияның әртістері мен шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасымен мейрам көрігін қыздыра түседі. Сондай-ақ, орталыққа жиылған жұртшылық тоғызқұмалақ ойыны мен суретшілер байқауын тамашалады.








хат жіберу