Блог статистикасы
195
Жазбалар
4635
Өтініштер
179634
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 12 Июля 2019

Архимед Мұхамбетов Қостанай облыстық оңалту орталығына барды

Бүгін облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов объектіні қайта құру бойынша жұмыс барысын қарап шығу мақсатында «Мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ (бұдан әрі - Орталық) барды.

Ғимарат 1987 жылы пайдалануға берілді. 2008 жылы «Дружба» профилакториясы базасында жобалық қуаты 100 төсек-орынға арналған осы оңалту орталығы ашылды.

Орталықта жыл сайын 1100 мүгедек оңалту курсынан өтеді.

Орталық ғимараты арбамен жүретін мүгедектердің және басқа да санаттағы мүгедектердің мұқтаждығына және оңалтудың заманауи талаптарына сәйкес келмеді, сонымен қатар осы уақытқа дейін ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген жоқ.

Бұл жағдайлардың барлығы оны қайта құру жөнінде дереу шешім қабылдауды талап етті.

2016 жылы жоба құны – 911,5 млн.теңгеге мемлекеттік сараптама әзірленді.

2018 жылғы Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Бирюза и К» ЖШС-мен (Қарағанды қ.) құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге 728,0 млн. теңге сомасында шарт жасалды.

Орталықты қайта құру мүгедектердің, оның ішінде мүгедек балалардың өмір сүру және әлеуметтік оңалту жағдайларын едәуір жақсартады.





хат жіберу