Блог статистикасы
195
Жазбалар
3619
Өтініштер
153529
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 8 Июня 2018

Әкім Арқалықты аралады

Әкім Арқалықты аралады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды. Аймақ басшысы бірқатар өндіріс ошақтарын аралап, қаланың тыныс-тіршілігімен танысты. Негізгі мақсат – индустрияландыру, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мән-жайын пысықтау. 

Өңір басшысы әуелі жаңадан салынып жатқан "Арқалық құс бройлері" фабрикасының құрылысымен танысты. Инвестициялық жоба 2022 жылы толықтай жүзеге аспақ. Биылғы жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады. Бір жылда 150 тонна өнім шығарса, 2022 жылға дейін жылдық өнім 750 тоннаға жетеді деген болжам бар. Жоба құны — 900 млн теңге. Әзірге 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Құс фабрикасы өндіріс қуатын 2022 жылы арттырмақ. Серіктестік директорының айтуынша, "Жұмыспен қамутыдың жол картасы 2020" бағадарламсы аясында инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу қажет.

Бұдан соң өңір басшысы "Торғай ет комбинатының" құрылыс қарқынын пысықтап қайтты. Комбинат биыл қыркүйек айында іске қосылмақ. Нысан ашылысымен салық түсімі ұлғайып, жұмыс орындары артпақ және тұрақты тауар айналымы қалыпатасады. Инвестор құрылысқа басы-аяғы 1 млрд теңгенің қаржысын жұмсап отыр. Қазір 60 адам құрылысқа жұмылдырылса, ал комбинатта 120 адам еңбекпен қамтылмақ. Мұнда негізгі жұмыстар толығымен аяқталған, тек ауласын қоршау мен қойма құрылысы ғана қалды.

Облыс басшысы «Sercan Investment Group» ЖШС-нің астық қоймасына да ат басын бұрды. Элеватор бір мезетте 12 000 тонна астықты сақтап, өңдеп, кептіріп, тиеуге қауқарлы. 27 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Облыс әкімі баса назар аударған тағы бір нысан – қаладағы жылу-энергетикалық компаниясы. Қыстың қамын жаз ойла дегендей, өңір басшысы қысқы жылыту маусымына қазірден сақадай сай болу қажеттігін ерекше атап өтті. Қала басшылығына алдағы уақытта мазут отынынан толықтай арылып, көмірді пайдалану керектігін тапсырды.   

Архимед Мұамбетов Арқалықтағы қалалық аурухананың жұмысымен де танысты. Мекеменің жай-күйі жаман емес, керек жабдықтар бар, жұмысшы жалақылары тұрақы. Тек мамандар жетіспейді. Мәселен, екі травматолог, балалар хирургы және педиатр тапшы.

Облыс басшысы сапар соңында дарынды актер, Қазақстанның Халық әртісі Әнуар Боранбаевтың 70 жылдығына арналған іс-шаралардың біріне қатысты. Алматыдан арнайы гострольдік сапармен келген М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының "Қыз Жібек" қойылымын тамашалады. А.Мұхамбетов театр ұжымының танымал тұлғаларына облыс әкімдігінің Құрмет грамотасы мен арнайы сыйлықтар табыс етті.

хат жіберу