Блог статистикасы
196
Жазбалар
2751
Өтініштер
132311
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 21 Мая 2018

Архимед Мұхамбетов шаруалар пайдаланбай жатқан жерлерді қайтарып алуды тапсырды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пайдаланылмай жатқан жерлерді шаруалардан қайтарып алуды тапсырды. «8 мың гектар жер үзбей суарылуы тиіс еді. Ал іс жүзінде тек 4,3 мың гектары суарылған. Яғни небәрі 54% жұмыс орындалған. 3,7 мың гектар жер суару жүйесі жоқ шаруа қожалықтарының иелігінде жатыр. Олар кезінде жерді алып алған, ал қазір өздері де пайдалана алмайды, басқаға да бермейді. Оларды заңға сәйкес алып қою қажет», - деді Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінің аппараттық жиналысында.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дархан Әбдікәрімовтің айтуынша, 3,7 мың гектарға иелік етіп жатқан шаруа қожалықтарында суару жүйесі жоқ. Сондықан ол жерлерге егін, жем-шөп дақылдары себіледі.

хат жіберу