Блог статистикасы
195
Жазбалар
3169
Өтініштер
139027
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 23 Июля 2018

Архимед Мұхамбетов жетім балаларды баспанамен қамту жұмысын сынға алды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов білім басқармасының жетім балаларды үймен қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан жұмыстарын сынға алды. Аймақта жетім балалардың жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда. Сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санының азайғаны байқалады. «Қостанай облысында жалпы 2296 жетім бала бар. Оның 67 пайызы отбасыларда тұрып жатыр. 33,5 пайызы немесе 761 бала 14 балалар үйінде және интернаттық ұйымдарда тұрады. Осылайша, аудан мен қаланың 20 білім бөлімінің есебінде ата-анасыз қалып, қамқорлық пен қорғаншылыққа берілген 1359 жетім бала бар. 175 бала - патронаттық тәрбиеде», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова аппараттық кеңестің отырысында.

Қостанай облысында соңғы 7 жыл ішінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз балаларға арналған ұйымдар саны 4 бірлікке қысқарған. 2018 жылдың өткен мерзімі ішінде ғана аталған мекемелерден 94 бала шығарылған. «Атқарған жұмыстың нәтижесі ретінде 2017 жылы Федоров балалар үйі мен биылғы Қостанай облыстық балалар үйінің жабылуын келтіре аламыз. 5 жылдың ішінде 366 бала отбасылы болып, 778 бала туған үйіне қайтарылды, қазақстандық азаматтар 320 баланы асырап алды» - деді Б. Даумова. Өңір әкімі Архимед Мұхамбетов аталмыш жұмыстарды облыстың өзге де аудандары мен облыстарында жалғастыру керек екенін ерекше айтып өтті.

Облыстық білім басқармасының басшысы Б. Даумова Кеңес отырысында сөз сөйлеу кезінде балалар үйінен кеткен тәрбиеленушілердің алдағы тағдыры, әсіресе оларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталмаған. Бұл мәселеге қатысты Архимед Мұхамбетов ескерту жасады. «Қостанайда алғашқы жартыжылдықта 35 жетім бала үймен қамтылуы керек еді. Сіздер слайдта нөл деп көрсетіпсіздер. Астана күніне орай берілген пәтерлерді ескердіңіздер ме? Олардың қатарында жетім балалар да болған. Олар неге елеусіз қалды? Мекеме қызметі тым төмен», - деді облыс басшысы. Осыған байланысты, Архимед Мұхамбетов әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Марат Жүндібаевқа аталған мәселе бойынша кеңес өткізуді тапсырды.

хат жіберу