Блог статистикасы
196
Жазбалар
2675
Өтініштер
128150
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 1 Февраля 2018

Арқалықта ет комбинаты іске қосылады

Арқалыққа жұмыс сапарымен барған облыс басшысы Архимед Мұхамбетов қалада салынып жатқан ет комбинатының құрылысымен танысты.


«Алдағы уақытта комбинатта 120 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. Бұған келешекте Арқалық маңындағы ауылдар мен Амангелді, Жанкелдин, Науырзым аудандарынан ет әкеліп тапсыратын болады. Сондай-ақ, көршілес Қарағанды мен Ақмола облысының аудандары да қызығушылық танытып отыр», - деді Арқалық қаласының әкімі Амантай Балғарин.

Архимед Мұхамбетов 2020 жылға дейін облыстағы ет экспорты көлемін 6 мың тоннаға жеткізу керектігін баса айтты. Бұл тұрғыда өңірдегі тауар өндірушілердің қарқыны көңіл қуантады. Айта кету керек, 2015 жылы Қостанай облысы шет елдерге небәрі 190 тонна ет жөнелткен екен. Белгілі болғандай, Жанкелдин ауданында да ет қабылдау пункті ашылмақ.



хат жіберу