Блог статистикасы
196
Blog
2557
Апелляциялық
109193
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 29 Ноября 2017

ҚАЗАҚСТАНДА «АГРОМАШХОЛДИНГ» АҚ ЭКСКЛЮЗИВТІ ӨНДІРІСТІК АЛАҢҒА АЙНАЛДЫ

Қазақстандық аграрийлерге белорустық ауыл шаруашылығы техникасының кең желісі қолжетімді болады. Қазіргі уақытта  Минск қаласында мемлекет елбасшыларының қатысуымен, Белоруссия-Қазақстан  бизнес-форумы өтуде. Одан әрі стратегиялық дамуға, Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің көлемдерін арттыруға қатысты,  «АгромашХолдинг» АҚ мен «Гомсельмаш» ААҚ арасындағы келісімге қол қою, Форумның түйінді сәттерінің бірі болып табылады. Келісім шеңберінде «АгромашХолдинг» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында «Гомсельмаш» ААҚ және оның аффилирленген құрылымдары техникасының модельдер қатарын өндіруде және жүзеге асыруда эксклюзивті құқыққа ие болады. Келісімнің эксклюзивтігі компаниялар 10 жылдық ынтымақтастықтан кейін өзара қарым-қатынастықтың сапалы жаңа форматына көшеді. Бұдан басқа, «АгромашХолдинг» АҚ Қазақстандағы белорус техникасының бірден-бір өкілі бола отырып, серіктестер өзара қарым-қатынастарының стратегиясы қаржылық жағынан және өнім ретінде түгел ауысады.

Бұл жағдайда келісімге қол қою Қазақстанда өндірілетін техника паркін молынан кеңейтуге, рынокқа жаңа өнімдер енгізу мен аграрийлерді уақытында қосалқы бөлшектермен және сапалы сервиспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Маусымдар қарсаңында тұрақты түрде аграрийлердің қолдарында барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы болу үшін, компания өндірісті жаңғыртуды, қазақстандық қамту үлесін 70 пайызға дейін арттыруды және сервистік-сату жүйесін кеңейтуді жоспарлайды.     «АгромашХолдинг» АҚ – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру және сату бойынша жетекші компания болып табылады.  Қазіргі кезде компаниядағы қызметкерлер саны 500 адамнан артық. Гомсельмашпен ынтымақтастықта бола отырып, компания қазақстандық аграрийлерді сапалы және қолжетімді техникамен қамтамасыз етеді. Зауыттардың өзара қарым-қатынастарының тарихы 2007 жылдан басталады, яғни Агромашхолдинг өндірістік алаңында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының комбайндар паркінде елеулі үлес алатын, Essil астық жинайтын комбайндарын сериялық шығару ұйымдастырылған. Сатылған техниканың 50% бірлесіп шығарылған Essil комбайндарына келеді, ал осы жобаны іске асыру басынан бері 200 млн $ сомаға 3 000 бірліктен артық техника сатылды. 

Кеден Одағы мемлекеттерінің басшылары қабылданған шешімдер негізінде, ынтымақтастықты және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға көзделген жағдайларды жасайды. Кеден Одағы аясында екі компания арасындағы қарым-қатынастардың дамуы Халықаралық өнеркәсіптік кооперациясының айқын үлгісі болып отыр.

хат жіберу