Блог статистикасы
196
Blog
2541
Апелляциялық
107049
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 18 Октября 2017

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Сарыкөл және Қарасу аудандарына барды

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында аудандардың бірнеше нысандарын аралады.

Сарыкөл ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында спорт залы күрделі жөндеуден өткен. Облыс әкімі нысанды көріп, одан әрі Тагил ауылындағы сумен қамтып отырған су құбырына барды.Бұл жерге Ресейде жасалған төрт сорғы алынған. Бұрын ауыл тұрғындары су құбыры болмағанда суды қолмен таситын, енді әр үйде су бар.

Қарасу ауданында былтырғы жылы Жамбыл ауылын су басып тұрғындар қиындық көрді, ауылға барар жолда екі жерді су шайып кеткен еді. Қазір осы жерлер толығымен жөнделу үстінде. Су келетін болса еш қауіп жоқ деп сендірді мамандар.

Одан әрі, облыс әкімі Жамбыл орта мектебіне барды, биыл бұл нысанды су басқан еді. Содан бері аудан басшылары бірнеше ауылдық жерлердегі нысандарды жөндеген. Қаражатты жергілікті шаруа қожалықтары шығарып, көмек берген. Осы уақыт ішінде 104 миллионға 24 жоба жүзеге асқан. Медициналық пункт, стадион, ауруханалар, жаттықтыру залы күрделі жөндеуден өткен.

«Биылғы көктем біз үшін оңай болған жоқ, су келмес үшін үйінді салынды. Биіктігі екі метр. Трубалары бар. Бұл жұмыстар қазан айының аяғына дейін аяқталады. Қазір ауылда жағдай жақсы, үйлер қалпына келтірілді. Кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін. Біз де қарап қалмаймыз. Жол мәселесін де білемін. Уақыты келгенде сіздердің де жолдарыңыз жөнделіп қалады. Қазір ірі елді мекендерді бірінші кезекте жөндеудеміз. 2018 жылдың су тасқынына дайындық үстіндеміз. Биылғыдай еш қиындық болмайды деп ойлаймын», - деп кәсіпкерлерге алғысын білдірді облыс әкімі.



хат жіберу