Блог статистикасы
189
Blog
2482
Апелляциялық
99815
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 14 Августа 2017

Облыс әкімі қалалық қазандықтардың жұмысын тексерді

Облыс әкімі қалалық қазандықтардың жұмысын тексерді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының №3 қазандығы мен орталық қазандығы - жылу электр орталығына барды.  Қазіргі таңда екі қалалық  қазандықта жылыту маусымына дайындық жүргізілуде.

«2017-2018 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық штаттық режімде жүргізілуде», - деді «КТЭК» МКК директоры Асқар Бекпағанбетов. Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан сегіз қазандықтың төртеуінде жөндеу жұмыстары аяқталды. 15 қыркүйекке дейін барлық жоспарланған жұмыстарды аяқтау көзделген. Кәсіпорын басшысы қалада құбырлардың беріктігін тексеру қажет екенін, сонымен қатар тұрғындарды маңызды коммуналдық қызметінсіз біраз уақытқа қалдырмауға тырысатынын атап өтті.

Ағымдағы жылы «КТЭК» МКК желілерді жөндеу үшін 175 млн. теңге  бөлді, соның ішінде 68 млн. - инвестициялық бағдарламалардың ақшасы, 106 млн. - тартылған қаражат.

Бұдан басқа, Архимед Мұхамбетов қаланың орталығы мен оңтүстік-батыс ауданын жылумен қамтамасыз ететін орталық ЖЭО-ға барған кезде қазіргі таңда облыс кәсіпорындарында колледждер белсене енгізіп жатқан оқытудың дуалды түріне ерекше көңіл аударып, болашақ кадрларды дайындау қажеттігін атап өтті.

Өңір басшысы қазандықтарды қарап болғаннан кейін алдағы жылыту маусымын үздіксіз өткізу қажеттігіне ерекше көңіл аударды.

хат жіберу
E-mail