Блог статистикасы
189
Blog
2483
Апелляциялық
99923
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 8 Июля 2017

Облыс әкімі Сабантойды мерекелеуге қатысты

Облыс әкімі Сабантойды мерекелеуге қатысты

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов татардың ұлттық мерекесі Сабантойды мерекелеуге қатысты. Іс-шараға Президент Рустам Минниханов бастаған Татарстан Республикасының делегациясы келді.

Делегация құрамында – ТР Президентінің Сыртқы байланыстар департаменті директорының орынбасары Марат Гатин, Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Өкілетті өкілі Рустем Валиуллов, ТР Министрлер Кабинеті Аппараты ТР халықтарының мәдениеті мен тілдерін дамыту басқармасының бастығы Гульшат Нигматуллина, ТР Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Эльвира Камалова, ТР Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Денис Валеев, ТР Актаныш муниципалдық ауданының басшысы Фаил Камаев, ТР Мемлекеттік Кеңесінің депутаты, Татарлардың Бүкілодақтық конгрессі атқару комитетінің төрағасы Ринат Закиров, Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің депутаты, «Холдинговая компания «Ак Барс» ААҚ бас директоры Иван Егоров және басқалары.

Татарстанның Президенті Рустам Минниханов Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың ертіп жүруімен Қазақстан Республикасының үй-жайларына барып шықты. Қонақтардың назарына ұлттық мәдениет, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрсетілді, облыс қолөнер шеберлерінің өнімдері ұсынылды.

Бұдан кейін Сабантой қонақтарын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. «Қазақтар мен татарлар тарихы, мәдениеті және әдет-ғұрыптары жөнінен бір-біріне жақын. Бүгінгі мереке достықтың және біздің халықтарымыздың арасындағы ізгі қарым-қатынастардың жарқын көрінісі болып табылады», - деп атап өтті ол және Сабантойға қатысушылар мен оның қонақтарын мерекемен құттықтады.

Рустам Минниханов Қостанай облысының әкіміне, Қазақстан Республикасының басшылығына Қостанай жерінде Сабантой өткізгендері үшін және татар ұлттық-мәдени ұйымдарының бастамаларына қолдау көрсеткендері үшін алғыс сезімін білдірді. «Қазақстан Республикасы Президентінің дана саясатының арқасында мұнда татар халқының мәдениетін, өзіндік ерекшелігін сақтау үшін барлық жағдайлар жасалған», - деп атап өтті Рустам Минниханов.

Мұнан соң Татарстанның Президенті мен Қостанай облысының әкімі татар мәдениетінің сақталуы мен дамуына үлкен үлес қосқандарға – неғұрлым ерекше көзге түскендердің барлығына мерекелік наградалар тапсырды.

Бұдан әрі Рустам Минниханов пен Архимед Мұхамбетов Татарстанның Актаныш муниципалдық ауданы көрсеткен татарлардың үй-жайларына барып шықты.

Мерекенің аяқталуы кезінде Татарстан Президенті Рустам Минниханов Сабантойдың басты батыры - «корэш» күресі бойынша жеңімпаз атанған самбодан спорт шебері Ержан Қабидуллиновке «Лада Гранта» автомобилінің кілтін табыстады.




хат жіберу
E-mail