Блог статистикасы
195
Жазбалар
3268
Өтініштер
143071
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 28 Июня 2018

Облыс әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қостанайда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай аймақтық медиа форум өтті. Оған облыс басшысы Архимед Мұхамбетов қатысты. «Бүгінде Қостанай облысында 120-дан астам БАҚ тіркелген. Олардың әрқайсысы өз өңірлеріндегі маңызды оқиғаларды тұрғындарға жеткізіп келеді. Атқарушы билік өкілдері де баспа құралдары, телеарналар мен радиолар арқылы қостанайлықтарды толғандыратын мәселелерді біліп отыр. БАҚ билік пен халық арасындағы алтын көпір саналады. Сондықтан да Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнінің маңызы зор. Биыл 1993 жылы қызмет көрсете бастаған «Алау» телеарнасы - 25 жылдығын, Таран аудандық «Шамшырақ-Маяк» газеті 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Барша БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтаймын», - деді Архимед Мұхамбетов медиафорумның ашылу салтанатында. Әкім сөзінен соң Елена Төребекова, Татьяна Башкатова сынды ақпарат және байланыс саласының мамандары баяндама жасады. Медиафорум Л.Толстой атындағы облыстық кітапханадағы журналистер семинарымен жалғасты. Астанадан арнайы шақыртумен келген қонақтардың арасында Қанат Әуесбай, Михаил Дорофеев сынды мамандар болды. Олар жергілікті журналистерге семинар-сабақ өткізді. Сарапшылар ақпараттық саясат, ақпараттық контент, интернет порталдардағы мақалалар тақырыптарында дәріс оқыды. Медиа форум аясында еңбегімен еленген бірқатар БАҚ қызметкері облыс әкімінің арнайы сыйлығына және түрлі алғыс-марапаттарына ие болды. Архимед Мұхамбетов барша журналист қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.







хат жіберу