Блог статистикасы
196
Blog
2556
Апелляциялық
108946
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 14 Сентября 2017

Облыс әкімінің Таран ауданына жұмыс сапары

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов  жұмыс сапарымен Таран ауданына барды. Ол «Қарабұтақ-Комсомол-Денисов-Рудный-Қостанай» тас жолымен және Тобыл өзенінің үстінен өтетін көпірдің құрылысын бақылады. Биыл «Қарабұтақ-Қостанай» автожолы мен Денисов ауылының маңындағы көпірдің жөндеу жұмыстарына 1,8 млрд теңге бөлінген болатын. Жобаның жалпы құны 5,9 млрд теңге, оның ішінде ұзындығы 231 метр болатын айналмалы көпір 656 млн теңге.

Жұмыс ептеп еңсеріліп келеді, бірақ, ауа райының күрт суытуы біраз шаруаны тежеп тұр. Оның үстіне қазір төмендегі темір жол қозғалысының   да қызған шағы. Бұдан бөлек «ҚазАвтоЖол» ҰҚ-ның Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Андрей Горват қаржы жетіспеушілігін алға тартты. Құрылыс материалдары мен басқа да қызмет түрлерінің аяқасты қымбаттауы көпір құрылысының кідіруіне себеп болып отыр. Тығырықтан шығу үшін мердігерлер несие алуға бел буған. Олар «ҚазАвтоЖол» арқылы «Қазақ» банкінің көмегіне жүгінбек. Өңір басышысы қалай да көпірді уақытылы аяқтауды бұйырды. «Бұл проблеманы алдын ала болжап, хабарлау керек еді. Енді қыс тақағанда қимылдап жатырсыздар. Халық күтіп отыр, айналмалы жолдан шаршады. Маңызды өткелді сіздерге сеніп тапсырдық емес пе? Қостанайдағы Үлкен көпірді сәтті аяқтадыңыздар, ал ендігі іркіліп тұрсыздар. Несие алып қаржыландырыңдар. Бірақ, тура бір айдан соң қозғалысты ашып, қалған жұмыстарды жалғастыра беріңдер» ,- деді Архимед Мұхамбетов.

Бұдан соң облыс әкімі диқандармен жолығып, биылғы орақ маусымының барысын бақылады. Әзірге алқаптың жартысынан көбі орылған. Алдағы бес күнде дала кемелері дамыл таппақ.



хат жіберу