Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облысы обьектілерін аралау барысында Kostanay Plaza сауда-ойын-сауық орталығында болды.
Облыс әкімі СОО екінші кезегінің құрылыс барысымен танысты.
Kostanay Plaza екінші кезегінің құрылысы пайдаланылатын шатыры мен жер асты паркингі бар 3 қабатты құрылыс салу жолымен жұмыс істеп тұрған СОО-ны 68 мың шаршы метрге дейін кеңейтуді көздейді.
Қазіргі уақытта каркастың құрылысы 80%-ке орындалды және инженерлік коммуникацияларды салу жұмыстары 90%-ке орындалды.
Жобамен 18 мың шаршы метр аумаққа Термосаябақ құрылысы жоспарлануда, онда термальбассейні, теңіз суы бар бассейндер, сауықтыру және балалар бассейндері, сауна мен монша түрлері, сондай-ақ 150 орындық фудкорт орналасады.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов салынып жатқан нысанды көріп, нысанның әлеуметтік және сауықтыру бағытының маңыздылығын атап өтті.