Блог статистикасы
196
Жазбалар
2749
Өтініштер
132152
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 3 Марта 2018

Қостанайда облысында индустрияландыру картасы бойынша 88 жоба іріктеліп алынды

Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабековтің айтуынша, Индустрияландыру картасы бойынша инвестициялардың жалпы сомасы 131,5 млрд теңгеге жетіп, 88 жоба пайдалануға берілген. Осы арқылы 5,2 мың тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып, қазірдің өзінде 505 млрд теңгенің өнімі өндірілуде. «Біз әр қала-ауданның ұсыныстарына сараптама жүргіздік. Соның нәтижесінде, Индустрияландыру картасы бойынша сегіз жоба іріктелді. Оның алтауы 2018 жылға жоспарланған. Бұған қоса 2012 жылы іске қосылған «Маслозавод Костаная» ЖШС өз жұмысын тоқтатты. Тоқыраудың себебі ретінде кәсіпорындағы әлсіз менеджмент қарастырылуда.  Сонымен қатар, Қарабалық ауданындағы «Комсомол құс фабрикасы» АҚ 2013 жылдан бері тоқтап тұр. Өйткені, бұл зауытта айналымға келетін қаржы жоқ», - деді Иса Құдабеков.

Сонымен, облыстың өндірістік ахуалын жақсарту үшін ашылған нысандардың ең әлеуеттісі -индустриялық аймақ. Оның ішіне бірнеше кәсіпорын құрылысы қызу жүріп жатыр. Мәселен, «Урал ЛТД» ЖШС үлкен сұраныс болған жағдайда «Кировец» тракторының 500-ге дейінгі данасын шығаруға ниетті.

Серіктестік директоры Валентин Романов ресейлік тракторларды құрастыру жоспары туралы айтты. Архимед Мұхамбетов те оның жоспарын құптап, инвесторлар тарапынан 1 млрд теңге бөлінген жағдайда жер учаскесі берілетінін жеткізген болатын. Индустриялық аймақтағы «ВЕК Қазақстан» ЖШС жеделсаты шығаратын зауыт құрылысын қолға алады. Бұл зауыттың құрылысы осы жылдың қыркүйек айында басталған еді. Жобаның жалпы құны - 2,5 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 1,5 мың жеделсаты жасап шығаруға қауқарлы. 125 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.




хат жіберу