Блог статистикасы
195
Жазбалар
3261
Өтініштер
142722
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 26 Февраля 2018

Қостанай облысында су тасқынының алдын алуға 455 млн теңге қарастырылған

Қостанай облысының әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде көктемгі су тасқынына дайындық барысы пысықталды.

Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюктің айтуынша, өңірдегі су тасқынына қарсы шаралардың жүргізілу барысы мен су нысандарының көктемгі кезеңге әзірлігі тұрақты бақылауда. «Қазіргі уақытта екі мыңнан астам күш құрылымдары мен 826 техника, 83 жүзу құралы, 245 су сорғыш техникасы, жиырма мың тоннадам астам инертті материал дайын тұр. Мұның сыртында мұз жару жұмыстарын жүргізу үшін де тиісті мекмелермен келісімшарт жасалды.

Су тасқынының алдын алу үшін облыстық бюджеттен 455 млн теңге қарастырылған», - деді Карплюк. Облыстағы гидротехникалық құрылымдардың және су қоймаларының тасқын суға дайындығы туралы Тобыл-Торғай бассейні инспекциясының басшысы  Гүлшат Оспанбекова баяндады. Оның сөзінше, су ресурстары инспекциясының  мамандары өңірдегі гидротехникалық құрылымдардың жай-күйін тексеріп шықты. «Қостанай облысы территориясында 103 гидротехникалық құрылым тіркелген. Оның ішіндегі 24 бөгет тасқын суға дайын болмай шықты. Атап айтқанда, Докучаев, Қарабөгет, Қызыл-арық, Жырықбөгет, Жоғарғы Шортанды, Шынсай сияқты бөгеттердің жағдайы мәз емес. Былтыр су ресурстары инспекциясының  мамандары аталған нысандарды ретке келтіру үшін жергілікті атқарушы органдарға ақпараттық хат жіберді. Алдағы наурыз айында арнайы комиссия бөгеттердің жай-күйін тағы бір тексеріп шығады», - деді Гүлшат Оспанбекова.

Жиында белгілі болғандай, облыстағы су қоймаларының 68 пайызы толып тұр. Бүгінде қоймалардағы 449 млн текше метр бос орын су қабылдауға әзір. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тасқынға қарсы дайындықты күн тәртібінен түсірмеу керектігін айтты. «Көктемгі су тасқынына байланысты жағдайды үнемі назарда ұстау қажет. Сондықтан әрбір қала-аудан әкімдеріне тасқынға қарсы шаралар туралы мониторинг жүргізуді тапсырамын. Кейде қардың еруі синоптиктер болжаған мерзімге сәйкес келмей, күрт өзгеретін жайттар кездесіп жатады. Сол үшін дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізу керек. Тасқынға дайын емес бөгеттерді тез арада қалыпқа келтіріңіздер» - деді облыс әкімі.





хат жіберу