Блог статистикасы
196
Blog
2537
Апелляциялық
106491
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 14 Июля 2017

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері ұлттық қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері ұлттық қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара басталар алдында ТМД елдері ұлттық қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнаулы құрылымдардың халықаралық деңгейде ынтымақтасуы мен өзара іс-қимыл жасауының маңыздылығын атап өтті.

– Алдымызда ортақ міндеттер тұр. Өзара ынтымақтастықта болуымыз қажет. Қазір күрделі кезеңде өмір сүргендіктен, проблеманы жеке-дара шешу де қиын. Елдеріңіздің президенттерімен жақсы қарым-қатынастамын, сондықтан біз барлық мәселені бірлесе шешіп келеміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Мемлекет басшысы ТМД елдері арнаулы органдарының жетекшілеріне салтанатты шараға қатысқаны үшін алғыс айтып, сол елдердің басшыларына өзінің жылы лебізін жеткізуді сұрады.


хат жіберу