Блог статистикасы
195
Жазбалар
4450
Өтініштер
176089
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 28 Мая 2019

Облыс әкімдігінің кеңейтілген кеңесінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды.

         Осы мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармалары басшылары сөз сөйледі.        

         Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова атап өткендей 2019 жылы бюджет нақтыланғаннан кейін «Еңбек» бағдарламасы бойынша қаражат сомасы 7,2 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде ағымдағы жылдың 4 айында 1,2 млрд. теңге игерілген.

         Сондай-ақ кеңес барысында Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқуға жоспарланған 2075 адамның 1617-сі  жіберілгенін, ал Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 6 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқанын атап өтті.

         Бүгінгі күні жұмыспен қамтылған 6 мың адамның 52,9% тұрақты жұмысқа орналастырылған.

         Сонымен қатар, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов атап өткендей, Бағдарлама шеңберінде 2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша облыстық Кәсіпкерлер палатасы 1140 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жоспарлап отыр.

         «КазАгроГарант» АҚ филиалына микрокредиттерді кепілдендіруге 252,8 млн теңге бөлінді. Жасасылған шарттың негізінде КазАгроГарантқа кепілдендірілген микрокредиттердің комиссиясын төлеу үшін 126,4 млн. теңге аударылды.

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Горяннаяның ақпараты бойынша, ағымдағы жылы бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде өткен жылдың ауыспалы қаражатын ескере отырып, қалаларда шағын кредит беруге 703,8 млн. теңге қарастырылған.

Оның 466,7 млн. теңгесі банктермен белсенді игерілуде,ал республикалық бюджеттен бөлінген 237,1 млн. теңгесі ағымдағы жылдың 27 наурызында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалына аударылды.

Бүгінгі күні бөлінген қаражат екінші деңгейлі банктерге таратылды. Бұл ретте, 97,1 млн.теңге «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға аударылды, ал «ФортеБанк» АҚ-ға арналған 140 млн. теңге «Даму» қорының шотында жатыр.

         Облыс әкімі кеңесті қорытындалай келе, қалалар мен аудандардың әкімдеріне жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтыған азаматтарды жұмыспен қамту шаралары бойынша жұмысты жандандыру қажет екенін айтты.



хат жіберу