Блог статистикасы
195
Жазбалар
4450
Өтініштер
176087
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 3 Июня 2019

Әкімдік отырысында туризм мен электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды

Ағымдағы жылдың 3 маусымында Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өтті.

Күн тәртібінде Қостанай облысында туризм мен электрондық сауданы дамыту мәселелері тұрды.

Аталған мәселе бойынша кеңес қатысушыларына облыс әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Горянная есеп берді.

Ол өз сөзінде 2018 жылы облыста туризм саласының негізгі көрсеткіштерінің өсу үрдісі байқалғанын атап өтті.

Осылайша, орналастыруорындарындакөрсетілгенқызметтеркөлемі 14,7%-ғаартып, 1,7 млрд. теңгеніқұрады. Орналастыру нысандарының қызметін 193 мыңға жуық ҚР азаматы пайдаланды немесе 10,8%-ға өсті. Шетелдік туристер саны 13,1%-ға артып, 20,4 мың адамды құрады.

Сондай-ақ, бүгінгі күні республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жол бойы сервисінің 131 нысаны орналасқан.      Соңғы екі жылда облыста жол бойы сервисін ұйымдастыру бойынша 2 ірі жоба іске асырылды: Әулиекөл ауданында 170 млн. теңге сомаға және Қостанай ауданында 50 млн. теңге сомаға. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Қостанай және Әулиекөл аудандарында 300 млн. теңге және тиісінше 70 млн. теңге сомасына тағы екі жоба іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы өңірдің туристік мүмкіндіктерін ілгерілету мен танымал етуге облыстық бюджеттен 10,3 млн.теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Еуропа Азия» туристік фестивалі өткізіледі, оған 200-ге жуық оқушы мен студенттер, соның ішінде Ресей Федерациясынан қатысады.

Облыста электрондық сауданы дамыту мәселесі бойынша баяндай келе Роза Горянная Қостанай облысында интернет арқылы бөлшек сауда көлемі 2018 жылы 4,2 млрд.теңгені құрағанын, бұл ел бойынша электрондық сауданың жалпы көлемінің 1,6%-ын құрайтынын атап өтті.

ҚазіргіуақыттастатистикалықдеректергежәнеМемлекеттіккірістердепартаментініңдеректерінесәйкес, облыста интернет арқылытауарлар мен қызметтерсаудасынжүзегеасыратын 131 бизнес субъектісі (23 интернет дүкендіқосаалғанда) жұмысістейді, бұлреттежоспарғасәйкес осы көрсеткіштіағымдағыжылдыңсоңынадейін 151 бірліккедейінжеткізуқажет.

Баяндама барысында электрондық сауданы ынталандыру бойынша шаралар қабылданатыны атап өтілді.

Сонымен қатар, осы мәселе бойынша «Қазпочта» АҚ филиалының директоры Туребекова Елена сөз сөйледі. Ол «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жобаларды іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің орынбасарларына, қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстық басқармалар мен мекемелер басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

хат жіберу