Блог статистикасы
195
Жазбалар
3611
Өтініштер
153199
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 2 Октября 2018

Қостанай облысының экспорт тауарлары 70 пайызға өскен

Қостанай облысының компаниялары тауар дистрибьюторларының желілерін көбейтіп келеді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен Қостанай экспорттаушылары кеңесінде мәлім болды. Басқосуда қазақстандық тауарлардың сыртқы нарыққа бейімделуі талқыланды. Тауарларды экспортқа шығару үшін оларды сақтандыру маңызды кезең саналады. Қостанай экономикасының негізгі тетігі - автоөндіріс.

2018 жылдың аяғына дейін қостанайлық автокөліктер Ресей мен Орта Азия елдеріне сатылмақ. Allur Group автомобиль компанияларының тобының Басқарма Төрағасы Андрей Лаврентьев айтқандай, қазірдің өзінде 1,5 млрд теңгенің өнімі сақтандырылған. «Allur Group автомобиль компанияларының тобы өз өнімдерін әлемнің бірнеше еліне экспортқа шығарады. Оның ішінде, 7,5 мың көлік Қытайға сатылады. Тек қана JAC маркалы көліктің 3 мыңнан астам данасын Ресейге жеткіземіз. Келесі жылы өнімдерімізді Ресейдің Санкт Петербург, Мәскеу және Батыс Сібір аймақтарына ұсынамыз», - дейді басқарма төрағасы. Ал облыс әкімі Архимед Мұхамбетов автокөліктерді шығаруда санға емес, сапаға назар аударуды тапсырды. «2016 жылы 2-3 мың ғана көлік шықты. Былтыр 6 мыңға дейін жеткіздіңіздер. Осы жылдың соңында 11 мың көлік қолданысқа беріледі.

Дегенмен, келесі жылғы көрсеткіштеріңіз ойландырады. 25 мың көлік шығару үшін де қомақты қаржы керек. Бастысы, сапаға мән беріңіздер», - деді Архимед Мұхамбетов. Сыртқы нарыққа шығуға қауқарлы тағы бір компания - Қарабалық ауданындағы «Астық индустриясы» агрохолдингі. Бүгінде бұл компания «Қазақстан ет одағы» және «Қостанай облысының ет кластері» жобаларының тұрақты қатысушысы. «Астық Индустриясы» ЖШС Ресей мен Өзбекстанға экспортқа шығады. Ендігі мақсат - қазақстандық өнімдерді сыртқы сұранысқа дайындау. Архимед Мұхамбетов экспорттаушылардың жұмыстарына жақсы бағасын берді. Дегенмен, алда бағындырар белес көп. «Экспорт тек қана ұлғаюы тиіс. Сол себепті кәсіпкерлерге тынбай еңбектене беру қажет. Сыртқы нарық бағытында «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының көмегі зор. 2017 жылы облыстың ішкі сауда-саттығы 2 млрд 31 млн долларды құрады.

Ал осы жылдың 7 айында экспорт тауарлары 70 пайызға дейін өсіп, 947 млн долларға жетті», - деді аймақ басшысы. Қостанай облысы әлемнің 90-нан астам елімен сауда-саттық байланысын орнатты. Экспорт тауарларының көбі Ресейге жөнелтіледі. Бүгінде аталмыш көрсеткіш 53 пайызға тең. Сондай-ақ, қостанайлықтардың өніміне Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран сияқты елдер қызығушылық танытуда.




хат жіберу