Блог статистикасы
196
Жазбалар
2834
Өтініштер
135342
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 30 Декабря 2017

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді келе жатқан жаңа 2018 жылмен шын  жүректен құттықтаймын!

Келер жыл біз үшін тарихи күндерге толы болмақ, олардың арасында Астана қаласының 20 жылдығын тойлау ерекше орын алатыны белгілі.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған қарқынды жұмыстар күтіп тұр. Елбасы атап өткендей, патриотизм өз туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады. Бүгін біз Қостанай облысын дамытуға және қолдауға бағытталған бірқатар жобаларды белгіледік. Барлық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бізге қажеттінің бәрі бар, ең бастысы, осы жолда аянбай еңбек ететін талантты әрі жанашыр азаматтардың көп екендігіне сенімдімін.

Қостанайлықтар күн сайын барлық салада өздерін дамытып, жұмыс сапасын жақсартып келеді. Бүгіндері өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы, жаңа әлеуметтік нысандарды ашу, аймақтағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмысты тынымсыз жалғастыратын боламыз.Біздің дихандар жыл сайын астықты жеткілікті межеде орады.

Жылды қорытындылай келе, облыстың барлық тұрғындарына үздіксіз қолдауы, жасампаз еңбегі және туған жерге деген ерекше сүйіспеншіліктері үшін алғыс айтамын.

Қымбатты жерлестер!

Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл отбасыларыңызға молшылық пен жақсылық әкелсін. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, жақсылық тілеймін!              

Жаңа жылдарыңызбен!

А. Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі 

хат жіберу