Блог статистикасы
195
Жазбалар
5023
Өтініштер
203182
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді келе жатқан 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Көптен күткен бүкіл халықтық мереке қарсаңында біздің әрқайсымыз жыл қорытындысын шығарып, болашаққа жоспар құрып, ізгі тілектерімізді тілейміз.

Өткен жылы біз қол жеткізген табыстарға шын жүректен қуанып, қиындықтарды бірге еңсердік, жаңа мақсаттарға жетуге ұмтылдық.

2019 жыл айтулы оқиғаларға толы болды.

        Бұл жылды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жастар жылы» деп белгіледі.

Жас азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, қолжетімді тұрғын үй, білім мен еріктілікті дамыту, әлеуметтік белсенділік, жас отбасылар мен кәсіпкерлерді қолдау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қостанай қаласында өскелең ұрпаққа арналған «Jastar Saraiy» ашылды, сондай-ақ Қазақстан-Ресей жастарының Форумы және жастар саясаты саласында көптеген есте қаларлық іс-шаралар өткізілді.

Жыл қорытындысын шығара отырып, атқарылған жұмыстың 2020 жылы «Еріктілер жылын» өткізу үшін берік негіз болатынын сеніммен айтуға болады.

2019 жылы облысымызда жаңадан өндіріс орындары, әлеуметтік және инфрақұрылымдық обьектілер ашылды.                      Сондай-ақ, бірқатар қоғамдық маңызы бар іс-шаралар өтті, ал біздің еңбек сіңірген жерлестеріміз халықаралық және мемлекеттік наградаларға ие болды.

Жылдың сәтті аяқталғанын өңірдің оң серпінмен өсіп келе жатқан макроэкономикалық көрсеткіштері де куәландырады.

Алдағы жылы да біздің облысымыз өркендеу мен дамудың белгіленген жолын жалғастыратындығына сенемін.

 

Қадірменді жерлестер!

Сіздерді осындай айтулы мерекемен құттықтай отырып, атқарылған жұмыс үшін, біздің Отанымыздың ортақ жетістіктеріне деген сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін ризашылығымды білдіремін!

Жаңа жылда шын жүректен мықты денсаулық, бақыт және сәттілік тілеймін!

2020 жыл жарқын оқиғаларға толы болсын және үйлеріңізге молшылық пен құт-береке әкелсін!

Жаңа жылдарыңызбен!

 

 

Қостанай облысының әкімі                           А. Мұхамбетов

хат жіберу