Блог статистикасы
196
Blog
2557
Апелляциялық
109324
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 30 Сентября 2017

Құрметті қостанайлықтар! Қымбатты соғыс және еңбек ардагерлері, аға ұрпақ өкілдері!

Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күнді біз айрықша қадір тұтып, құрметпен атап өтеміз. Өйткені, аға ұрпақ  жанқиярлық еңбексүйгіштіктің, өз ісіне берілгендіктің, патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің көрнекі үлгісі болып табылады.

Бүгінде  зейнеткерлер мен ардагерлерді жан-жақты қолдау, аға ұрпаққа ілтипаттылық пен қамқорлық – Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың саясатының басымдықты бағыты. Елімізде қарт адамдарды әлеуметтік қолдаудың шаралар кешені іске асырылуда, жыл сайын зейнетақылық төлемдер өсіп келеді, әртүрлі жеңілдіктер енгізілуде.

Сіздердің бүгінгі таңда да ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » бағдарламалық мақаласының іске асырылуына дем бере отырып  белсенді азаматтық ұстаным танытып келе жатқандықтарыңыз, әрине, қуанышты, сіздер жастар бойына бірқалыптылық, қанағат тұтушылық және  ұтымдылық мәдениетін қалыптастырасыздар. Сіздер жинақтаған білім мен тәжірибе, жастардың заманауи жағдайларда бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және прагматикті азаматтар болып қалыптасуларына өз көмегін беруде.

Сіздерге зор денсаулық, ырыс-береке, жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен мейірімділігін және ұзақ ғұмыр тілеймін!

 

 

А. Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі

хат жіберу