Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
193680
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 31 Октября 2019

Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесінің отырысы өтті

Отырыс барысына ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі – Төраға орынбасары Жансейіт Түймебаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚХА Аналар кеңесінің, облыстың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері қатысты.

         Отырысқа қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асырудағы Аналар кеңесінің рөлі мәселелерін талқылады.

         ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев өз сөзінде Қостанай облысын бейбітшілік пен келісімді сақтаудың үлгісі ретінде атап өтті.

         «Қостанай облысы – бейбітшілік пен келісімнің үлгісі болып табылады. Соңғы жылдары облыста дау-жанжалды жағдайлар орын алған жоқ. Мұнда 17 этномәдени бірлестік пен 62 этникалық ұйым жұмыс істейді. Олар үшін барлық жағдай жасалған», - деді Ж. Түймебаев.

         Сондай-ақ кеңес отырысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сөз сөйледі.

         Облыс әкімі Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының қызметі туралы айта келе, Қостанай облысында, барлық еліміздегідей этностардың мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін дамыту үшін жағдай жасалғанын атап өтті.

         «Қоғамдық келісім» КММ, «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығында               8 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, онда украин, поляк, корей, татар, башқұрт, армян, неміс, түрік тілдері оқытылады. Сонымен қатар, тыңдаушылар этностардың салт-дәстүрлерін таниды.

         Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы 2009 жылдың тоғыз айында 127 ірі қоғамдық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізді (қамтуы 35 232 адамды құрады).

         «ҚХОА қызметінің негізгі бағыттарының бірі көптеген көлемді жобалардың бастамашысы болып табылатын 17 этномәдени орталықтарының әлеуметтік бастамаларын қолдау болып табылады. Олардың көбі дәстүрге айналды», - деп атап өтті облыс әкімі.

          Сондай-ақ облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Аналар кеңесінің қайрымдылықты дамыту бойынша оң жұмысын атап өтті.

         «Облыстық ҚХА жұмыс істеген жылдары Аналар кеңесінің қайырымдылықты дамыту жөніндегі қызметі ерекше маңызға ие болды. Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының Аналар кеңесі қайырымдылық іс-шаралар күнтізбесі аясында әр айдың соңғы жұмасында өткізілетін «Қайырымды істер күні» акциясын өткізуге бастама жасады. Сондай-ақ, Аналар кеңесінің бастамасымен «Горячий хлеб», «Ашық жүрек», «Книжная полка», «Чистые игры», «Буккросинг», «Праздничный обед» сияқты акциялар өткізілді. Ол жерде үш мыңнан аса адам қамтылды», - деп хабарлады Архимед Мұхамбетов.

          Сонымен қатар, ағымдағы жылы көп балалы отбасыларды қолдау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.

         Қостанай облысында 5,1 мыңдай көп балалы отбасы тұрады. Елбасының бастамасымен құрылған «Бақытты отбасы» жобасын қостанайлық кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері белсенді қолдады, олар көмекке мұқтаж көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға және жөндеуге, көмірмен, отынмен, азық-түлікпен және басқа да керек-жарақтармен қамтамасыз етуге қатысады.

         Бүгінгі күні облыс кәсіпкерлері 48 көп балалы отбасыға тұрғын үй алып берді.

         Сондай-ақ, іс-шара барысында аймақтағы Аналар кеңесі қызметінің, сондай-ақ «Shuǵyla kіtap» баспасының балаларын дамытуға арналған кітаптардың көрмесі мен белсенділерін марапаттау рәсімі болды.





хат жіберу