Блог статистикасы
196
Жазбалар
2593
Өтініштер
112837
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 4 Декабря 2017

Қазақстандық делегация құрамында Польша елінің Варшава қаласындағы «СTR-2017» орталық ауылшаруашылық көрмесіне қатысуы

Қазақстандық делегация құрамында «Азық-түлік келісім- шарт корпорациясы» АҚ, «KazakhExport» АҚ, «Kazakh Invest» АҚ «Агротехнологияны коммерциялау және трансферттеу орталығы» ЖШС, Қапшағай қаласының әкімдігі, «Тобыл» ӘКК, «Expo Group» іспетті ондаған компания өкілдері болды.

Польшадағы ең ірі ауылшаруашылық көрмесіне әлемнің жиырма елінен 400-ден астам компания өкілдері жиналды. Көрме алаңындағы ең үлкен аумақты, яғни 200 шаршы метр жерді жайлаған қазақстандық делегация «Азық-түлік келісім- шарт корпорациясы» АҚ, «Asia Waters» компаниясының, «Баян Сұлу» АҚ өнімдерін көрермен назарына ұсынды.

Сондай-ақ, «KazakhExport» АҚ, «Kazakh Invest» АҚ, Агрттехнолгияны коммерциялау және трансферттеу орталығының агробизнесті дамытуға бағытталған құрылғылары мен өнімдері көрмеге қойылды.

Қазақстандық павильонға бас сұққан Польша Ауылшаруашылық министрі К. Юргель қазақ пен поляк арасындағы әріптестік қарым-қатынасты әңгіме арқауына айналдырды. Оның айтуынша, екі ел арасындағы сауда-саттық пен алыс-берістің жоғары деңгейде дамуына екі ел басшыларының Қазақстандағы басқосуы, одан кейінгі үкіметаралық келісімнің септігі тиген. Лауазымды тұлға осы келісім аясында Польша мемлекетінің агроөндіріс саласындағы жетістікке жету үлгісі мен заманауи технологиясын, үздік тәжірибесін қазақ елінің кәдесіне ұсынуға әзір екенін жеткізді.

Сонымен қатар, сапар аясында Польшаның 64 компаниясы мен ауылшаруашылық ұйымдары қатысқан қазақ-поляк бизнес-форумы өткізіліп, бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Атап айтқанда, «Эко Ферма 2015» компаниясы Польшаға зығыр, қыша тұқымдарын жеткізетін болады және польшалық «Imago» компаниясы NGS технологиясын пайдалана отырып, Қазақстанда құлпынай өсіретін болып келісті.

Кездесу кезінде облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев «Mlekovita»,  «Henryk Kania»,  «Bakoma», «Ursus», «Dawtona» компаниялары және «H.J. Heinz» концернінің Польшадағы бөлімше басшыларын Қостанай өңірінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Осы мақсатта, алдағы жылдың көктемінде арнайы басқосу да ұйымдастырылуы жоспарланған.





хат жіберу