Блог статистикасы
195
Жазбалар
4609
Өтініштер
179257
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Бекмухамедов Газиз Ерболатович
Аким Камыстинского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71437) 2-16-52 Адрес: Костанайская область, Камыстинский район, п. Камысты, ул. Ержанова, 61 E-mail: kamysty@kostanay.gov.kz

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Бекмухамедов Газиз Ерболатович
Аким Камыстинского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71437) 2-16-52 Адрес: Костанайская область, Камыстинский район, п. Камысты, ул. Ержанова, 61 E-mail: kamysty@kostanay.gov.kz

Басу хат жіберу 4 Марта 2019

«Сан мыңдаған алғыс сөздер…»

«Сан мыңдаған алғыс сөздер…»

Қостанайда Қазақстанның ең жас мерекесі – Алғыс айту күнін атап өтті

Барлық қазақстандықтардың мейірімділік, достық пен махаббат мерекесі осымен төртінші рет аталып өтілуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз - Қазақстан Халқы Ассамблеясының туған күнін белгілеп, оны мереке деп атауды жөн көрген болатын.

Жер аударылған қаншама халықты және қиын жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандарды қазақстандықтар қонақжайлылықпен қабылдады, сондай-ақ өздеріндегі барымен бөлісіп, аман қалуға көмектесті. Сондықтанда жер аударылған дүйім халық еліміздегі бейбітшілік пен келісімге, бірлікке өздерінің алғыстарын білдірсе, өткен мен бүгінгіге тағы бір «рақмет» деп айтқан болар еді.

Облыстық Достық Үйінің мерекелік бағдарламасы «Shyn júrekten, myń alǵys» символикалық атаумен Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда өтті. Концерттен бұрын фойеде жер аудару уақытына (депортация) арналған көрме ұйымдастырылды. Ең үлкен экспозицияны «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің мұражайы ұсынды.

- Келген қонақтар үшін ең қызықты экспонат 9 жастағы Берта Ситнердің 1941 жылы Қазақстанға ата-аналарымен жер аударылғандығы жайында хабар беретін кестелері болды. Кішкентай бүлдіршін кесілген мата қиындысының шеттеріне «Сәлеметсізбе! Guten Tag» деп жазған. Әсіресе, жер аударушылардың еңбек армиясы жұмысшысының қасығы, ерін сырнайы, ағаш жолсандығы және Владимир Ауманның біздің мұражайға өз қолымен тапсырған шынайы граммофоны келушілердің назарын аударды. Келушілерге осылардың бәрі қолжетімді болды, - деп ЭМБ төрағасының орынбасары Елена Шик айтты.

Сондай-ақ көрмеде Денисов ауданы мен Рудный қаласының мұражайларынан, қостанайлық тарихи-өлкетану және облыстық мемлекеттік архив мұражайларынан әкелінген экспонаттар ұсынылды. Барлық көрсетілген заттар мен құжаттар қуғын-сүргін уақытының ауыр жағдайы туралы хабардар етті.

Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев құттықтау сөзінде: «Біздің халқымыздың басынан небір ауыр жағдайлар өтті. Соның бірі 20 жылдан астам уақытқа созылған Қазақстан аумағына мәжбүрлеп жер аудару болатын. Қазақтың ұлы даласы 100 этносты қабылдап қана қоймай, олардың мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін сақтап қалуына көмектесті» деп баяндады.

Достық Үйінің Алғыс айту күніне арнайы түсірген 3 кішігірім видеофильмдерінде қазақстандықтардың ата-аналарымен қоса Қазақстанға жер аударғаны туралы және ауыр тағдыры жайлы айтылды. Роликтің қаһармандары Алихан Налгиев, Фрида Василевская мен Шин Ге-Хва болды.

- Бізді 1937 жылы Хабаровскіде жинап сосын Қазақстанға алғашында параходпен, содан кейін пойызбен аттандырды. Тауар таситын пойызда төрт отбасы келдік. Қостанайға келгенде жан-жағымдағы ұшы-қиыры жоқ даланы көргенде таң қалғаным рас. Алғашында Шеминов ауылында тұрып, одан кейін Қостанайға көшіп келген болатынбыз. Осы жерде жолдасымды кезіктіріп, өмірге сәбилер алып келдім. Қазақстан – менің екінші Отаным, - деп еске алды Шин Ге-Хва.

Шешен-Ингуш КСР-да «Чечевица» операциясы болған кезде Алихан Налгиев небары екі жаста болған екен. Жарты миллионға жуық шешен және ингуш халықтары бір сәтте қазақтың қонақтай даласына көшіп келіпті.

- Біз қазақ отбасының қамқорлығында болдық. Олардың сиыры болды. Бізбен сол сиырдың сүтімен және өздері жасаған құртпен, ірімшікпен бөлісетін. Қолдарындағы барларын ешқашан аяған емес. Шешем өмір бойы: «Қазақ деген халықты сыйлап өт, осы елдің арқасында біз тірі қалдық» деп айтып кетті, - деп тебірене еске алды Алихан Налгиев.  

Қазақстанға жер аударылғандардың ішіндегі ең кішісі Фрида Василевская болыпты. Соғыс басталғанда және Поволжьядан 440 мың неміс жер аударылып келгенде, ол 3 айлық нәресте екен.

- Әкемді соғысқа әкеткенде жалғыз шешем бес баламен Қазақстанға жер аударылды. Барлығымызға өте қиын болды. Біз тек арнайы жер аударылғандар мен орыстар тұратын ауданға тап болдық. Ал менің әпкем қазақтар көп тұратын ауданға орналасты. Әпкем әрдайым: «Біз бұл жерде аштықтың не екенін білмедік. Қазақтар қолдарындағы ағымен бізді тамақтандырды» деп айтатын.

Осы үш кейіпкер үшін – Қазақстан нағыз «туған жерлеріне» айналды, ал қазақ халқы – мейірімділіктің, қонақжайлылық пен толеранттылықтың нағыз бет-бейнесі болды.






хат жіберу