Блог статистикасы
196
Blog
2554
Апелляциялық
108835
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 3 Августа 2017

Облыстық мәслихаттың сессиясы

Облыс әкімі А.Б. Мұхамбетовтің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезекті  VII сессиясы өтті.

Сессия барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді.

«Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде Федоров ауданындағы «Промбаза-7» ЖШС өсімдік майын өндіру жөніндегі зауытты қолданыстағы зауыттарының қатарына енгізу жоспарлануда. Бірінші кезектің құны - 900 млн. теңге. Жақын арада италияндық жабдықтар түседі, осылайша, инвестициялар көлемі ұлғаяды,- деді әкім.

 - «Баян Сұлу» кондитер фабрикасы «Арқан» түрік компаниясымен нуга және карамель  батончиктерін  өндіру үшін  жабдықтарды жеткізуге келісімшарт жасады.  Сонымен «Марс» және «Твикс» кәмпиттерін біздің облысымызда да шығаруға болады. Жобаға инвестициялар - 1,6 млрд. теңге құрайды, желіні іске асыру - жылдың аяғына дейін. Қараша айында Қостанайда қуаттылығы тәулікте  700 тонна ұн шығаратын үлкен диірмен кешенін іске асырамыз. Кәсіпорынды «Бест Костанай» ЖШС ашады, құны 2,8 млн. теңге, үлестің көбісі түрік инвестициялары. Жақын арада сүт өндіретін «Милх» ЖШС жаңа өндірісті іске асырады, салымдар - 1,3 млрд. теңге құрайды. Облыстық орталықта қуаттылығы тәулікте 25 тонна нан өнімдерін шығаратын  «Тобыл нан»  нан зауытының құрылысын бастаймыз. Инвестициялар көлемі - 1,9 млн. теңге. Зауыт 2018 жылы іске асырылатын болады. Бұдан басқа, Арқалықта ет өндіретін зауыттың құрылысы басталады, - деді өңір басшысы.

- Аталған өндірісті іске асыру үшін ғимарат пен инженерлік желілер бар, су өткізілген, электр қуаты, темір жолы да бар. Кәріз жүйесімен - бұл да инфрақұрылым ғой, кәсіпкерге көмектесеміз. Одан жабдықтар қажет. Бұл тек Арқалық үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін өте маңызды жоба. Бұл мал шаруашылығын дамытуға түрткі болады және шаруа қожалықтарын қолдайды деп пайымдаймыз. Амангельді, Жангелдин, Науырзым аудандарымен қатар Қарағанды, Ақмола облыстарының аудандарына да тиімді. Арқалықтан 500 және одан аса қашықтықта ет өңдейтін бір де бір кәсіпорын жоқ.   Салынып жатқан зауыттың қуаты - тәулігіне 10 тонна өнім.

Бұдан басқа, есеп барысында әкім  Екатеринбург қаласынан "Век"  компаниясымен Қостанайдың индустриалдық аймағында лифттерді өндіру жөніндегі зауытты  салу туралы шартқа қол қойылғанын атап өтті. Жоспарланған қуаттылық - жылына мың жарым лифт шығару. Зауыттың бірінші кезегін келесі жылы, екіншісін 2019 жылы  іске қосу жоспарлануда.

хат жіберу