Блог статистикасы
195
Жазбалар
5023
Өтініштер
203182
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 9 Января 2020

Смарт-технологияны дамыту

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов                                   А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің                     Өңірлік «Smart-орталығына» барды.

         Smart-орталық ҚМУ-да жаңа техниканы, технологиялар мен материалдарды әзірлеу, енгізу және игеру мақсатында IT-технологияларын және ғылыми-техникалық әлеуетті тиімді пайдалануға бағдарланған сандық ғылыми-өндірістік инфрақұрылымды құруға бағытталған.

         2019 жылы университеттің өз қаражатынан құрал-жабдықтарды жөндеуге және сатып алуға 150 млн. теңге жұмсалды, ал ағымдағы жылда орталықты қосымша жарақтандыруға және жаңғыртуға 150 млн. теңге бөлінді.

           Сонымен қатар, Smart-орталықтың ең маңызды функцияларының бірі аймақтың студент жастарын сандық және басқа да инновациялық технологиялар саласында белсенді ғылыми-өндіріске қызықтыру және кәсіпкерлік қызметке тарту болып табылады.

         Smart-орталықта co-workong, IT аймақтары және конфернц залы бар.

         Сондай-ақ Архимед Мұхамбетов үш BIOTECH LAB, AGRO-CHEM LAB, PHYS-CHEM LAB зертханалары кіретін «LAB NETWORK» зертхана кешенің жұмысын қарады.




хат жіберу