Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
193646
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 19 Апреля 2019

Облыс әкімінің Қостанай және Алтынсарин аудандарына жұмыс сапары

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов 19 сәуірде Қостанай және Алтынсарин аудандарына жұмыс сапарымен барды.

Бас тіреген алғашқы обьект Алтынсарин ауданы Щербаков ауылындағы «Темте» ӘКК мал сою пункті болды. Бұл кәсіпорын мал союмен және етті бастапқы салқындатумен, сондай-ақ бие сүтін (қымыз) сауумен және дайындаумен айналысады.

Облыс әкімі Алтынсарин ауданы Силантьевка ауылындағы «SVM-18» ЖШС шағын наубауханасы мен ЖК «Шалыгин В.М.» жиһаз көрме залында болды. Бұл кәсіпорындардың директоры Шалыгин Валерий Михайлович. Жалпы 9 жұмыс орны құрылды.

Мысалы, шағын наубайханада 4 адам еңбек етуде, олар тәулігіне орташа есеппен 4000 бөлке нан пісіреді.

Келесі аяқ басқан обьектінің бірі 2018 жылы "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Балалар шығармашылық үйі" КММ базасында іске қосылған робототехника кабинеті болды.

Мұнда робототехника, 3D-модельдеу және бағдарламалау негіздері сабақтарын 85 тәрбиеленуші алуда.

Кабинеттің жөндеу жұмыстарына 2018 жылы жергілікті бюджет қаражатынан 1,6 млн. теңге бөлінді, ал кабинеттің өзі демеушілік қаражат есебінен жабдықталды.

Облыс әкімі «Nur Otan» партиясының Алтынсарин аудандық филиалында азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында балаларды мектепке тасымалдау, газдандыру, автокөлік жолдарының құрылысы және оларды жөндеу, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері қозғалды.   

Алтынсарин ауданынан кейін облыс әкімі Қостанай ауданы Октябрское ауылындағы Совхозный ауылдық мектебіне барды.

Осы мектепке күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама дайын тұр.

Сондай-ақ, облыс әкімі ауылдық дәрігерлік амбулаториясына бас сұқты.

Облыс әкімі сапар қорытындысы бойынша, Қостанай және Алтынсарин аудандарының әкімдеріне, сондай-ақ облыстық мекемелер басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

 








хат жіберу