Блог статистикасы
184
Blog
2447
Апелляциялық
96309
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 1 Августа 2017

Облыс әкімінің Қамысты ауданына жұмыс сапары

Облыс әкімі  Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Қамысты ауданына барып, аудан активімен кездесу өткізіп, жаңа әкім Ғазиз Бекмұхамедовпен таныстырды.

«Сіздер Қамысты  ауылының тумасы Ғазиз Ерболатұлын жақсы білесіздер. Оның екі жоғарғы білімі бар. Облыстық басқармаларда түрлі лауазымдарда жұмыс атқарды. Төрт жылдай Арқалық  қаласының әкімі болып жұмыс істеді.  Оның қасиеттері: кәсіпқойлық, біліктілік, дәлелді шешімдерді өз бетімен қабылдай алу. Ғазиз Ерболатұлының жаңа жұмысты істей алатынына сенімдімін", - деп өңір басшысы аудан активіне арнап сөз сөйледі.

Облыс әкімі соңғы төрт жылдың ішінде ауданда біраз жұмыс атқарылғанын, соның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асырылғанын атап өтті. Алайда, қазіргі таңда  ерекше назар аудару мен жедел шешім қабылдауды талап ететін мәселелер бар.

Одан кейін Архимед Мұхамбетов "Қамысты орталық аудандық аурухана" КМК шатырының күрделі жөнделуі барысымен танысты. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 68 миллионнан астам теңге қарастырылған.  Биыл Қамысты ауданына төрт жас жалпы тәжірибелік дәрігер келетінін  атап өту қажет, оларға көтерме ақы беріледі. Облыс әкімі жас мамандарға тұрғын үй беруді, кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстауды және бүкіл жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды.

Одан   кейін Архимед Мұхамбетов республикалық маңызы бар А-22 «Қарабұтақ – Комсомольское – Денисов – Рудный – Қостанай» автомобиль  жолының күрделі жөнделуін тексерді.  Аталған автомобиль  жолының 40 км. жөнделуіне және Денисов ауылының маңайында көпір салуға  6 млрд.теңгеге жуық  қаражат бөлінді.  Биыл 24 км. жол жөнделді.  Облыс әкімі жұртқа жүру ыңғайлы болу үшін жол бойы алдымен астыңғы тегістейтін, одан кейін басқа қабаттарды салуды, соңғы кезеңді  2018 жылға қалдыруды ұсынды.



хат жіберу
E-mail