Блог статистикасы
196
Blog
2540
Апелляциялық
106915
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 11 Сентября 2017

Баспасөз релизі

2017 жылғы 15 қыркүйек күні сағат 11.00-де Арқалық-Амантоғай тас жолының 65-і шақырымында Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Тасты ауылының маңында Нұрмағамбет Көкембайұлы – Кейкі батырдың есімін есте қалдыру рәсімі өткізіледі.

Іс-шараға Қостанай облысының әкімі, үкімет делегациясы, ҚР Парламентінің депутаттары, облыстың қалалар мен аудандарының әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, тарихшылар, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысады.

Одан кейін Арқалық қаласындағы Жас көрермен театрында батырдың өміріне арналған «Кейкі батыр. Өмірі мен өлімінің тарихы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы және "Кейкі батыр" спектаклінің қойылымы өтеді.

Амангелді ауданының киіз үй қалашығында концерттік бағдарлама мен спорттық жарыстар өткізіледі: қазақша күрес бойынша республикалық турнир, топ және аламан бәйге.

16 қыркүйекте Жас көрермен театрында Кейкі батырға арналған республикалық ақындар айтысы өтеді.

Қостанай облысы әкімдігінің

баспасөз қызметі

хат жіберу