Блог статистикасы
195
Жазбалар
3606
Өтініштер
152942
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 6 Ноября 2018

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жылғы 6 қараша                                                                                                                  

 Астана қ.

 

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Қостанай облысының 2018 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары»

 

Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Қостанай облысының 2018 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз-конференциясы өтті.

Өңір басшысы атап өткеніндей, ағымдағы жылдың 9 айындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң серпіні байқалады: өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 9,5% ұлғайды, металлургияда - 18,6%, машина жасауда - 15,7%, тамақ өнеркәсібінде - 5,4%, өңдеу секторының үлесі өндірістің жалпы көлемінің 50% асты.

Облыс орталығында алаңы 400 га «индустриалдық аймақ» құрылуда. Осы биылғы жылдың өзінде құны 3,3 млрд. теңге тұратын 2 жоба іске қосылды.

Индустриалдық аймақ құрудан басқа, Қостанай облысында Астанамен тікелей қарым-қатынасы бар Арқалық қаласында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кластерін құру жөнінен жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Арқалықтың экономикасын тау-кен өндіруден қайта өңдеуге қайта бағдарлау мақсатында, - деп атап өтеді А. Мұхамбетов, - бордақылау алаңы бар қуаты 1000 тонна ет өңдеу кешені құрылысының жобасы іске асырылуда. Бұл өркендеп келе жатқан елорданың азық-түлік белдеуіне үлес қосады».

Қостанай облысында агроөнеркәсіптік кешен өндірісінің орнықты өсімі қамтамасыз етілген. Индустриаландыру жылдарында облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде құны 78,5 млрд. теңгеден астам 205 инвестициялық жоба іске асырылды, шамамен 4 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Тек ағымдағы жылы ғана «Трансальпина» ЖШС-нің және «AGRO-BIO-AULIEKOL» ЖШС-нің 2 құрама жем зауыты пайдалануға берілді.

Қостанай облысы өңірге белсенді түрде инвестициялар тартады. Мәселен, облыс экономикасына 10,6% өсімімен 166,1 млрд. теңге инвестиция салынды.

Өз сөзінде Архимед Бегежанұлы Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуы барысын жан-жақты хабардар етті: облыста 2 мың студентке арналған 5 жатақхана құрылысы жоспарланған, шағын кредит беруді кеңейту үшін 4,1 млрд.теңге қарастырылды (қазіргі уақытта сомасы 2,8 млрд.теңге тұратын 772 шағын кредит мақұлданды), 8 елді мекен газдандырылды (өткен 2 жылда), алдағы 2 жылда тағы 4 елді мекенге газ жеткізілетін болады.

Мемлекет басшысының еңбекақыны көтеру жөніндегі бастамасын көптеген кәсіпорындар қолдады. Еңбекақыны ұлғайту барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың   36 мыңнан аса адамын қамтиды. Бұдан басқа, ең төменгі жалақыны көтерумен қатар, 200-ден астам ірі бизнес нысандарында 35 мың жұмыскердің еңбекақысының өсуі күтіледі. Сондай-ақ, Президенттің екінші бастамасын іске асыру бойынша облыста 57,2 мың адамның салық жүктемесі азайтылады.

Қостанай облысында тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылып отыр. Жыл басынан бері 17,0% өсімімен 227,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«7-20-25» бағдарламасының шеңберінде 58 өтінім қарауға келіп түсті, олардың ішінде 45 өтінім мақұлданды. Бастапқы жарналарды жеңілдетілген ипотека бойынша ішінара субсидиялау үшін, жергілікті бюджеттен 83,7 млн. теңге бөлінді. Жалпы алғанда, жыл қорытындысы бойынша 352 кредит беру жоспарлануда.

Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов Мемлекет басшысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасының орындалуына жеке тоқталып өтті. Өңірде 17,0 млрд. тенге сомасында 45 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасасылды, жалпы инвестиция сомасы 27,0 млрд. теңгеден астам қаражатқа 68 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Осының арқасында облыста «FutsalArena» спорт кешені, Қостанай қаласында күштік спорт түрлері академиясы, спорттық-көңіл көтеру кешені және футбол манежі салынды. Облыс орталығында 2,5 мың орынға арналған мұз айдыны сарайының және 50 метрлік бассейннің құрылысы басталды.

Қостанай облысында цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылуда. Ағымдағы жылы өңір агроөнеркәсіптік кешен мен медицинаны цифрландыруды енгізуге пилоттық болып таңдалды. Облыста Ақылды фабрика, май зауыты, құс фабрикасы, сүт және ет фермасы, техниканы бақылаудың ақылды жүйелері және тағы басқалары жұмыс істейді. Жалпы облыстың медициналық ұйымдарында (51-дің 48-інде) DamuMed медициналық ақпараттық жүйесі енгізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қостанай облысының бизнесмендері, меценаттары және табысты тұрғындары сомасы 4,2 млрд.теңгенің 153 әлеуметтік жобасын іске асырып жатыр. Нәтижесінде облыстың білім беру ұйымдары мен мекемелерінде 21 робототехника кабинеті, 24 ақпараттық технологиялар кабинеті ашылды, әлеуметтік саланың 45 объектісі жөнделді және қайта жаңғыртылды, 36 елді мекен абаттандырылды, тұрғын үйлер мен мәдениет объектілері салынды, 14 спорт және балалар алаңдары ашылды.                   

Қорытындылай келе, Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы, жалпыға бірдей еңбек қоғамы, патриотизм мен әр тұрғынның туған елдің дамуына қосқан үлесі өңірдің ойдағыдай дамуының кепілі болып табылатындығын атап өтті.

Жауапты тұлға: Қарымсақова Динара Иосифовна – Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы (тел.: 87142-575354, 87777960050)

хат жіберу