Блог статистикасы
195
Жазбалар
4417
Өтініштер
175113
Келушілер
Ибраев Абай Сарсембаевич
Аким Житикаринского района


Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71435)2 -33-16
Адрес: Костанайская обл., г. Житикара, микрарайон 6, дом 65                                                        
E-mail:   zhitikara@kostanay.gov.kz

Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Ибраев Абай Сарсембаевич
Аким Житикаринского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71435)2 -33-16 Адрес: Костанайская обл., г. Житикара, микрарайон 6, дом 65                                                         E-mail:   zhitikara@kostanay.gov.kz

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Ибраев Абай Сарсембаевич
Аким Житикаринского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71435)2 -33-16 Адрес: Костанайская обл., г. Житикара, микрарайон 6, дом 65                                                         E-mail:   zhitikara@kostanay.gov.kz

Басу хат жіберу 7 Марта 2019

Eurasian Resources GroupҚостанай облысындағы әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтады

Eurasian Resources GroupҚостанай облысындағы әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтады

Eurasian Resources Group (ERG) пен Қостанай облысының әкімдігі 2019 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы әріптестік туралы Моморандум жасасты. Меморандум аясында ERG тарапынан қаржыландырылатын жобалар саны артып, жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге жуықтады. 2018 жылы әлеуметтік жобаларға 2,9 млрд теңге инвестиция құйылған болатын. Құжатқа ERG Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды. Еуразиялық Топ ERG кәсіпорындары орналасқан моноқалаларда кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізген. Компания қызметкерлері мен осы елді мекен тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелерді айқындап берді. Осы әлеуметтік зерттеу негізінде ҚР Үкіметі бекіткен аймақтарды дамытудың үш жылдық бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын маңызды әлеуметтік жобалар әзірленіп, оларды жүзеге асыру жолдары ұсынылған. Олар республикалық және жергілікті бюджетпен қатар Eurasian Resources Group тарапынан да қаржыландырылмақ. Бүгін қол қойылған Меморандум да осы әлеуметтік зерттеулер нәтижесі мен үшжылдық бағдарлама негізінде әзірленген. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес қаражат Қостанай облысындағы әлеуметтік маңызды жобаларға, аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытуға, оның инфрақұрылымын, соның ішінде Eurasian Resources Group-тің «Туған жер – Родные города» бағдарламасы аясында дамытуды көздейді. Былтырғыдай Меморандумға ERG кәсіпорындарының қызметкерлері ұсынған нысандар да енгізілген. Олардың қатарында Арқалық қаласында балалар ойын алаңдарын орнату, Лисаковск қалалық жағажайын абаттандыру сынды ERG Инноваторларының ІІІ форумында жеңіске жеткен жобалар бар. 2019 жылы Топ кәсіпорындары орналасқан Қашар мен Октябрь сынды шағын елді мекендерге ерекше көңіл бөлінбек. Ауылішілік жолдар мен мәдениет үйлері жөнделіп, спорт алаңдары орнатылады. – Қазан айындағы жолдауы мен NUR OTAN партиясының съезіндеМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарының өмір сапасын арттыру кезектігін баса айтты. Президент елдің тұруға жайлылығы – қолжетімді баспана, қауіпсіз аула, тұруға қолайлы әрі жайлы инфрақұрылым екенін ұдайы айтып келеді, – деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. Осымен, «ERG Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан 25 жыл ішінде өз миссиясын бұлжытпай сақтап, тек компания қызметкерлері ғана емес, кәсіпорын орналасқан өңірлердің тұрғындарына да қамқорлық жасап келеді. Топ қаржыландырған әрбір жоба қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған» деп қосты. Қаражат Рудный қаласының жылу желілерін күрделі жөндеуге, сондай-ақ, қаладағы жолаушылар тасымалын жақсарту үшін 7 автобус сатып алуға жұмсалмақ. Лисаковск қалалық стадионы қайта қалпына келтіріліп, Қашар кентінің ауруханасына 2 жедел жәрдем көлігі сатып алынады. Рудныйдың қалалық ауруханасын да жабдықтау көзделген. Осы қаладағы балабақшалар мен мектептердің шатырын жөндеу жоспарда бар. ERG балаларға сапалы білім беру – инвестицияның ең озық тәсілі екенін ескере отырып, Рудный индустриалды институты мен Рудныйдағы тау-кен технология колледжі, құрылыс және көлік колледждерін, Лисаковск қаласындағы техникалық колледждің материалды-техникалық базасын нығайту жобаларын да қаржыландырмақ.




хат жіберу