Блог статистикасы
195
Жазбалар
4609
Өтініштер
179317
Келушілер
Таукенов Жансултан Коныртайулы
Руководитель ГУ "Управление сельского хозяйства и земельных отношений акимата Костанайской области"


Байланыс ақпараты

Приемная: 8(7142) 54-27-95
Телефон доверия: 8(7142) 54-27-22
Факс: 8(7142) 54-27-22
Почтовый адрес: 110000, г. Костанай, проспект Аль-Фараби,56
E-mail:

Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Таукенов Жансултан Коныртайулы
Руководитель ГУ "Управление сельского хозяйства и земельных отношений акимата Костанайской области"

Байланыс ақпараты

Приемная: 8(7142) 54-27-95 Телефон доверия: 8(7142) 54-27-22 Факс: 8(7142) 54-27-22 Почтовый адрес: 110000, г. Костанай, проспект Аль-Фараби,56 E-mail:

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Таукенов Жансултан Коныртайулы
Руководитель ГУ "Управление сельского хозяйства и земельных отношений акимата Костанайской области"

Байланыс ақпараты

Приемная: 8(7142) 54-27-95 Телефон доверия: 8(7142) 54-27-22 Факс: 8(7142) 54-27-22 Почтовый адрес: 110000, г. Костанай, проспект Аль-Фараби,56 E-mail:

Қостанайда Қазақстан халқының бірлігі мерекесін атап өтті

Қостанай қаласының «Сити-орталық» алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

​ Арайланған таңнан бастап алаңда әсем әуен ойнады, ал этноқалашық облыс және қала тұрғындары үшін өз есігін айқара ашты.

Қостанай облысының әкімі, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының төрағасы, «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасы Архимед Мұхамбетов жиылған қауымды мерекемен құттықтады.

Ол этномәдени бірлестіктерінің оң жұмысын және олардың бейбітшілік пен келісімнің қалыптасуына қосқан зор үлесін атап өтті.​

«Қостанай облысының этномәдени бірлестіктерінің көшбасшылары барлық жерде Ассамблеяның халық бірлігі мен этникааралық келісімді, қайырымдылық пен қоғамдық дамуды нығайту жөніндегі мақсаттарына адалдығын көрсетіп келеді. Көптеген адамдардың есімдері облыстан тыс жерде белгілі", - деді Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ, облыс әкімі ағымдағы жылдың саяси оқиғаларының маңыздылығын атап өтіп, облыс тұрғындарын азаматтық позициясын танытуға және 9 маусымда еліміздің белестерді бағындыра дамуы үшін дауыс беруге шақырды.

Облыс әкімі этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін техникалық және материалдық қамтамасыз ету үшін 3 млн. теңгенің сертификатын табыс етті.

Архимед Мұхамбетов қостанайлықтарды мерекемен құттықтай келе, оларға мерекелік көңіл-күй, мықты денсаулық, елімізді дамыту жолында үлкен табыстарға жетуін тіледі. 

Мерекелік іс-шара концерттік қойылымдармен, сондай-ақ «Бірлігі жарасқан халық - мықты ел» этнофестивалімен жалғасты.

Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов этномәдени бірлестіктердің басшыларымен этноқалашықтағы көрмеге барып, ұсынылған тағамдар мен сусындардың түрлерімен танысты.


хат жіберу