Блог статистикасы
195
Жазбалар
4450
Өтініштер
176087
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 30 Мая 2019

2019 жылы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» өңірлік конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының мынадай мақсаттарын іске асыру аясында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 008 PQ қаулысымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу туралы ереже бекітілді:

- әрбір қазақстандық отбасының бақуаттылығы;

- салауатты адамдардың қуатты ұлты;

- жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы.

Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағында бастамашыл әлеуметтік жобаларды іске асырушы жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, бастауыш партия және басқа да коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Конкурс 5 бағыт бойынша өткізіледі:

- әлеуметтік проблемалардың шешімдерін ақпараттық жылжыту;

- әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту;

- бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

- мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

- қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам саудасының, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, үйсіздік және түрмеден босатылғандар және т.б.).

Конкурсқа қатысу үшін өтінім қазақжәне/немесе орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіште аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – Бөлімдер) немесе                  «Nur Otan» партиясының «Қоғамдық бастама» www.qolda.nurotan.kz интернет-ресурсы (бұдан әрі - Портал) арқылы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қажетті құжаттарды бере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған конкурс туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей ұсынылады.

Конкурстың өңірлік кезеңінде аумақтық конкурстарда іріктелген жобалар қатысады.

Анықтама: «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ zh.dyusekeeva@kostanay.gov.kz, 8-714-2-50-13-14.

хат жіберу