Блог статистикасы
195
Жазбалар
3606
Өтініштер
152941
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 6 Ноября 2018

17 млрд. теңгеге Қостанай облысында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде жобалар іске асырылуда

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов Мемлекет басшысының МЖӘ шеңберінде жобаларды іске асыру туралы тапсырмасын орындау барысында жеке тоқтала отырып мәлімдеді.

«Облыста 17,0 млрд.теңгеге МЖӘ - нің 45 шарты жасалды, - деді Архимед Мұхамбетов, - жалпы алғанда, инвестиция сомасы 27,0 млрд. теңгеден асатын 68 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде».

Спорт саласында Рудный қаласында «Futsal Arena» спорт кешені, күш қолданылатын спорт түрлері академиясы, Қостанай қаласында Спорттық – ойын - сауық кешені және футбол манежі салынды. Облыс орталығында 2,5 мың орындық Мұз сарайының және 50 метрлік бассейннің құрылысы басталды. Спорт нысандары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Білім беруде Арқалық, Лисаков және Жітіқара қалаларында 4 балабақша пайдалануға берілді.

хат жіберу