Блог статистикасы
195
Жазбалар
3611
Өтініштер
153203
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 8 Октября 2018

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қостанай облысында болды

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен ресми кездесу өткізді. «Сіздің әр сапарыңыз біз үшін мерекеге толы. Сапарларыңыз ауқымды екенін көріп отырмын. Аймақта қоғамдық-саяси, діни ахуал тұрақты. Барлық этностар арасында ауызбіршілік қалыптасқан. Мен аудандарда, барлық шіркеулерде болып жүрмін. Ондағы жылу, су беру мәселелерінің қалай екені маған жақсы таныс», - деп атап өтті облыс әкімі.

Екі күндік сапар аясында митрополит Александр Қостанайда орналасқан бейбіт тұрғындар мен діни қызметкерлерді жаппай ату және жерлеу орнында болды. Бұл мекен қаланың қазіргі «Технодом аренсы» аумағында орналасқан. Митрополит дәл осы араға ату жазасына кесілгендерге арнап ескерткіш тақта орнату қажеттігі туралы ұсынысын жеткізді. «Толық емес мәліметтер бойынша бұл жерде 4 мың адам атылған. Тарихты ұмытпау бұл әр адамның парызы. Біз өткеннен сабақ ала білуіміз қажет. Сондықтан осы жерге ескерткіш тақта орната отырып, біз өткен зұлмат туралы еске аламыз және оның қайталанбауын тілейміз» - деді митрополит Александр.

Астана және Қазақстан митрополиті Алекскандр сапар барысында сондай-ақ Қостанайдағы Михаил храмы мен Константин-Еленин шіркеуінде болып қайтты.

хат жіберу