Блог статистикасы
184
Blog
2448
Апелляциялық
96369
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 28 Апреля 2017

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында болды

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғимараты алдында бой көтерген «Қазақ еліне мың алғыс!» монументін көрді. Монумент өңірдің 20 этномәдени бірлестігінің бастамасымен салынған, ол түрлі ұлттардың қазақ халқына деген адал ниеті мен алғысының нышаны болып саналады.

Нұрсұлтан Назарбаев түрлі этностар арасындағы достық тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті «Қоғамдық келісім» мекемесі мен өңірдің этномәдени орталықтары орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратын аралады.

Мемлекет басшысына этномәдени бірлестіктер өкілдері орындаған «Бірлігіміз жарасқан» деп аталатын музыкалық композиция көрсетілді.



хат жіберу
E-mail