Блог статистикасы
196
Blog
2557
Апелляциялық
109356
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 12 Июня 2017

Шағын бизнесті кредиттеу 3,1 трлн. теңге ең жоғарғы мәніне жетті– Ұлттық Банк

Мемлекеттің  кәсіпкерлікке көрсеткен қолдауына, сондай-ақ банктердің жеке бағдарламаларына сәйкес шағын  бизнесті кредиттеудің  өсуі  байқалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов ҚР Парламентінің Сенатындағы баяндамасында хабарлады. 

Оның айтуынша, аталған сегментте кредиттеуді ұлғайту өткен жылда 45,7%-ды (942 млрд. теңге) құрап, 3 трлн. теңгеге жетті. Ағымдағы жылдың басынан бастап өсу 2% (59,2 млрд. теңге) болды. «Шағын бизнесті кредиттеу кредиттік портфельдегі үлесін 24%-ға дейін ұлғайтып, 3,1 трлн. теңге ең жоғарғы мәніне жетті, – деді А. Ахметов. – Кредиттеу өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, саудада жандана түсті. Ағымдағы жылдың басынан бастап ауыл шаруашылығын кредиттеудің өсуі жалғасты, сондай-ақ көлік пен құрылысты кредиттеу ұлғайды».

А. Ахметов кредиттер бойынша мөлшерлемелер 2016 жылғы қаңтардағы 20,7%-дан 2016 жылғы желтоқсанда 15,4%-ға дейін, ағымдағы жылғы сәуірде 14,6%-ға дейін төмендейтінін атап өтті.

хат жіберу