Блог статистикасы
195
Жазбалар
3606
Өтініштер
152943
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 6 Ноября 2018

Қостанай өңірі - отандық автомобиль құрастырудың көшбасшысы

Отандық автомобиль жасаудың даму қарқыны туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтып өтті.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС алаңдарында ағымдағы жылы 7772 жеңіл көлік (өткен жылдың кезеңінен 2,3 есе артық) және 93 жүк көлігі (4 есе артық), 76 автобус пен шағын автобус жиналды. «АгромашХолдинг» АҚ - да 2,1 есе өсіммен 225 комбайн жиналды» - деп хабарлады журналистерге Архимед Бегежанұлы.

Сондай-ақ, аймақ басшысы брифингке қатысушыларға Hangteng automobile Co Ltd. компаниясының Hangteng жеңіл автомобильдерін өндіру жобасына $150 млн инвесторлауды жоспарлайтындығы туралы хабардар етті.

Айта кету керек, қостанайдағы «Сарыарқаавтопром» ЖШС жеңіл және жүк автомобильдерін, автобустар өндірісін жүзеге асыратын машина жасау саласындағы ірі кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын алаңында барлығы 24 мыңнан астам автокөлік жиналды. IVECO маркалы қостанайлық автобустар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде астаналық бағыттар бойынша жүру және келушілерді тасымалдау үшін Астанаға жеткізілді.

Сондай-ақ, «АгромашХолдингKZ» АҚ қозғалтқыштар, комбайндарды құрастыру үшін құрамдастар (тораптар мен бөлшектер), ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектер өндіруді жүзеге асыратын ірі кәсіпорын болып табылады. 2005 жылдан бастап кәсіпорын алаңдарында 4113 астық жинайтын комбайндар, сондай-ақ басқа ауыл шаруашылығы техникасы (сепкіштер, платформа іріктегіштер, тораптар мен сорғылар) жиналды.

Өнім Ресей Федерациясына, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстанға экспортталады.


хат жіберу