Блог статистикасы
196
Жазбалар
2596
Өтініштер
113209
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 9 Января 2018

Рудныйдағы Қазақ арматура-изолятор зауыты өнімділікті 4 есеге арттырмақ

Бұл туралы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконың Рудныйға жасаған жұмыс сапары кезінде айтылды. Кәсіпорында сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк те болды.

2019 жылға жоспарланған жаңарту жұмыстарына сәйкес арматура-изолятор зауытының өнімділік көлемі 4 есеге ұлғаймақ. Айта кету керек, кәсіпорын әлі толықтай өндіріс қуатына қосылған жоқ. Онда әзірге электр тарату жүйесіне арналған шыны изоляторлар құрастырылады. Және ел аумағы бойынша жалғыз өндіріс орны. Зауыт директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Татьяна Рыбалконың айтуынша, әлемдік осы тектес кәсіпорындармен бәсекеге түсуге мүмкіндік мол. Жаңарту жұмыстарынан соң халықаралық нарыққа шығу жоспарланып отыр. Зауыт өнімдері қазірдің өзінде Әзірбайжан мен Ресейге жөнелтіледі. Бұдан бөлек еңбек күшін 30-дан 50 адамға дейін арттыру көзделген.   

Цех жұмысымен танысып шыққан Владимир Божко зауыттың несиеге емес, инвесторлар көмегімен қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалады. Ол сондай-ақ кәсіпорынның Қызылорда шыны зауытымен әріптестікті күшейтіп, Азия нарығына шығу қажеттігін тілге тиек етті.  

Аймаққа сапары аясында Парламенттің төменгі палата вице-спикері Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінде болып, «Нұр Отан» партиясының облыстық активімен және Қостанайдағы Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті.   

хат жіберу