Блог статистикасы
196
Blog
2516
Апелляциялық
103413
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 12 Июня 2017

Қазақстандықтардың теңгеге деген сенімі қайтадан қалпына келуде

Халықтың ұлттық валютаға деген  сенімі  қалпына келуде, долларсыздану процесі  жалғасуда. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов бүгін ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған кезінде хабарлады. «2016 жылы депозиттердің долларлану деңгейі тарихи ең жоғары 70% деңгейден 55%-ға дейін төмендеді. Осындай серпін ағымдағы жылы да жалғасуда – ұлттық валютадағы депозиттер қаңтар-сәуір аралығында 10,3%-ға ұлғайды, валюталық депозиттер 12,6%-ға қысқарды. Нәтижесінде екі ай қатарынан теңгедегі депозиттердің үлесі валюталық депозиттер үлесінен асып түсті», – деп ол ҚРҰБ-ның деректерін келтірді.

А. Ахметов валюта нарығындағы ахуалды тұрақты деп бағалады. Оның сөздері бойынша ол іргелі сыртқы және ішкі факторларды білдіреді.

«Теңгенің АҚШ долларына  қатысты  бағамы 2016 жылы 2%-ға, 2017 жылдың  басынан  бастап 5 ай  ішінде  6,3%-ға нығайды. Ұлттық Банк валюта нарығында 2016 жылғы қыркүйектен бастап өктемдік жүргізбейді. Орын алып отырған теңгерім нарыққа қатысушылардың шетел валютасына сұранысы мен ұсынысының арақатынасымен толық айқындалады», – деп атап өтті А. Ахметов.

хат жіберу