Блог статистикасы
193
Blog
2508
Апелляциялық
102837
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 10 Августа 2017

Қостанай облысының Астана қаласындағы мәдениет күндері

"EXPO 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу шеңберінде Астана қаласында 2017 жылғы 5 - 9 тамыз аралығында Қостанай облысының мәдениет күндері өтті. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов басқарған облыс делегациясы көрмеге барып, Австрия, Польша, Нидерланды, Германия, Испания павильондарымен танысты. Қостанайлықтар «Нұр Әлем» қазақстандық павильонындағы экспозицияға жоғары баға берді. Облыс әкімі көрме тақырыбының өзектілігін, жаңғырамалы энергияның бүкіл әлемдік жұртшылығына маңыздылығын атап өтті.  Сондай-ақ,  "EXPO 2017" амфитеатрының аумағында  облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының  "Тобылым - Торғайым, жүректен толғайын" гала-концерті өтті.

Архимед Мұхамбетов түрлі кезеңде өңірдің дамуына зор үлес қосқан экс-әкімдер Өмірзақ Шөкеев пен Сергей Кулагинді "Қостанай облысына 80 жыл" атты мерейтойлық медалімен марапаттады. Жерлестермен кездесу "Туған Жер" бағдарламасының аясында Елбасы белгілеген жалпыұлттық патриотизмге негізделген. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевпен бірге барды. Жәрмеңкеде облыстың  11 ауданы мен 4 қаласының тауар өндірушілерінің қатысуымен 650 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрлері  іске асырылды. Одан кейін өңір басшысы қолданбалы өнер көрмесіне және этнофольклор  музыкасының  концертіне барды.  Одан кейін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Қазанат» ипподромына барды, онда ұлттық спорт түрлері бойынша спорт жарыстары өтті.

Осылайша, облыс әкімі Қазақстанда құрастырылған  Ravon Nexia жаңа автомобильдің кілтін 15 шақырымдық топ бәйгеде жеңімпаз аттанған  Жамбыл облысының өкілі Ілімбек Бұрғанақовқа табыстады.  21 шақырымдық аламан бәйгеде жеңген Рахман Әлішерге де  отандық өндірісінің JAC S3 жаңа автомобилі табысталды.

Сонымен қатар, Қостанай облысынан Омаров Ерлан қазақша күрес жарысында жеңімпаз аттанып, 700 мың теңгеге ие болды.







хат жіберу