Блог статистикасы
195
Жазбалар
4419
Өтініштер
175293
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 24 Апреля 2019

Қостанай облысының делегациясы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде қатысты

Партия съезінің жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент палаталарының төрағалары Дариға Назарбаева мен Нұрлан Нығматулин, Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, депутаттар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, дипломатиялық корпус өкілдері, өңірлерден келген 627 делегат, жалпы 1500-ден астам адам қатысты. Съезді «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жүргізіп отырды.

Партияластарының алдында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыр дағдарыс жағдайында басталған тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолы оңай болмағанын еске салды.

– Экономиканың жаппай күйреуі халықтың басым көпшілігін күйзеліске ұшыратты. Көптеген сарапшылар этносаралық шиеленістер мен қақтығыстар болады деп болжам жасады. Бірақ, біз өзіміздің егемен елімізде бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүруге лайықты екенімізді бүкіл әлемге дәлелдедік. Менің «алдымен экономика, сосын саясат» деген негізгі қағидатым дұрыстығын дәлелдеді, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында еліміздің посткеңестік кеңістіктегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналғанын айтты.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы жолдардың құрылысы мен қайта жөнделуінің зор нәтижелерін атап өтіп, Тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандықтардың табысының өсіміне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау ісі мен мәдениет саласындағы жетістіктерге де тоқталды.

– Маған өз халқыммен бірге тәуелсіз Қазақстанды құру мәртебесі бұйырғанын мақтан тұтамын. Қиын заманға қарамастан халқым менің бастамаларыма әрдайым қолдау көрсетті. Соның арқасында біз барлық нәтижелерге қол жеткіздік. Мен еліміздің халқына ризашылығымды білдіремін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қазақстанның одан әрі табысты дамуын біздің бағдарымыздың сабақтастығы ғана қамтамасыз ететінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Конституция бойынша өзіне бекітілген өкілеттіліктерге сәйкес Отанымызды өркендету үшін жұмыс істей беретінін айтты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таңдап алған саяси және экономикалық бағдар сабақтастығының сақталуына партия кепіл болуға және белгіленген міндеттердің бәрін жүзеге асыруға тиіс екенін айтты.

– Жаңғырудың тиімділігін, соның ішінде партияның «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл – Ел бесігі» және «Халыққа көмек» жобаларын жүзеге асыру аясында әрбір қазақстандықтың сезінуіне қол жеткізуіміз керек, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті қазақстандықтардан өз атына көптеген хат келіп жатқанын айтып, қазақстандықтардың достығы мен құқықтарының теңдігі өзгермейтініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлын еліміздегі жоғары лауазымға лайықты үміткер екенін айтып, оның Отан алдындағы сіңірген еңбегі мен жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Сондай-ақ іс-шара барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зор сенім артқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаев пен партияластарына алғыс айта отырып, еліміздің одан әрі қарқынды дамуы жолында Тұңғыш Президент – Елбасының стратегиялық бағдарын жалғастырып, сабақтастықты қамтамасыз етуді өзінің ең басты міндеті деп санайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, Елбасы республикалық қоғамдық сайлау штабының жұмысын үйлестіруді тапсырып, азаматтардың барлық санатымен жұмыс жүргізудің қажеттілігіне назар аударды.

Сондай-ақ іс-шара барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зор сенім артқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаев пен партияластарына алғыс айта отырып, еліміздің одан әрі қарқынды дамуы жолында Тұңғыш Президент – Елбасының стратегиялық бағдарын жалғастырып, сабақтастықты қамтамасыз етуді өзінің ең басты міндеті деп санайтынын жеткізді.

хат жіберу