Блог статистикасы
196
Жазбалар
2679
Өтініштер
128861
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қостанайда Даңқ аллеясы ашылады

Қостанайда соғыс ардагерлерінің құрметіне орайластырылған Даңқ аллеясының құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін Жеңіс күніне арналған мерекелік жиында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.

Қостанайдағы Жеңіс күні мерекесі орталық алаңдағы театрландырылған көрініспен басталды. Облыстық қазақ және орыс театрларының әртістері Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жазған жас сарбаздардың елге хатын оқыды. Ал өңір басшысы Архимед Мұхамбетов жыл өткен сайын бұл мерекенің маңыздылығы арта түскенін айтты. «Миллиондаған адамның өмірін қиған сұрапыл соғыстың аяқталғанына бүгін тура 73 жыл толып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыс 1700 қала мен кентті күйретті, бірнеше мың кәсіпорын істен шықты. Бірақ, аталарымыз бен әжелеріміздің арқасында бейбіт күн кешіп отырмыз. Соғыс кезінде қостанайлықтардың да алдыңғы шепте жүргенін мақтанышпен айта аламыз. Біздің облысымыздан 73 мыңнан астам сарбаз соғысқа аттанды. Солардың 24 мыңнан астамы ұрыс алаңдарында, 3,5 мыңы госпитальдарда алған жарақаттарынан қаза болды. Тағы 16 мыңға жуық солдат хабарсыз кетті. Айта кету керек, Қазақстанға ондаған әскери зауыттар көшірілді, олар да ерлер ғана емес, сондай- ақ әйелдер, қарттар, балалар жанқиярлықпен еңбек етті. Соғыс жылдарындағы барлық ауыртпалықтар солардың иықтарына түсті. Тек Қостанайға ғана 10 кәсіпорын мен мекеме жіберілді. Облыс орталығында бірнеше көшірілген госпитальдар, Сталинград әскери-авиация училищесі орналастырылды», - деді Архимед Мұхамбетов. Бүгінде Қостанай облысында 165 ЕДС ардагері тұрады. Облыс басшысы биыл соғыс ардагерлерінің құрметіне Даңқ аллеясы ашылатынын мәлім етті.

«Отан үшін жан қиғандар - кешегі тарихтың көзі. Жалпы Қостанай облысында соғыс ардагерлерінің құрметіне 295 ескерткіш орнатылды, облыс орталығындағы бірнеше көше солардың есімдерімен аталады. Ленинград үшін болған ұрыста жау амбразурасын денесімен жауып, ерлікпен қаза тапқан Сұлтан Баймағамбетов, Днепрдің батысындағы Медвин ауданында дұшпанның 3 танкісін, қару тиеген 7 машинасы мен бір батальонға жуық әскерін жойған Естай Есжанов атамыздың ерлігі аңыз болып айтылады. Міне, осы жылы батыр бабаларымыздың құрметіне Даңқ аллеясын ашамыз», - деді өңір әкімі.

Даңқ аллеясы қала орталығындағы «Жеңіс» саябағынан ашылмақ. Құрылысы жауық арада басталады. Онда соғыс ардагерлеріне арналған 31 ескерткіш бой көтереді.















хат жіберу