Блог статистикасы
193
Blog
2508
Апелляциялық
102769
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 12 Октября 2017

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласы және Қостанай ауданының нысандарын аралап көрді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Тобыл өзені жағасын аббатандыру жұмысымен танысты.

 Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Олжас Нұрғалиевтің айтуынша, Тобылдың сол жақ жағалауындағы құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Биыл 430 млн теңгеге өзен жағасына дейінгі 220 метр аумақты жөндеу жоспарланып отыр. Оның сөзінше, жағалау маңындағы ескі үйлер кедергі келтіруі мүмкін.

«Тұрғындардың келісімімен ескі үйлерді құлату керек. Дегенмен, барлығы заң жүзінде болсын. Үй иелеріне өтемақы төлеңіздер. Өзен жағасына жақын үйлердің қоршауларын бірдей қалыпқа келтіріңіздер. Оған демеушілерді тарту қажет», - деп тапсырма берді өңір басшысы.

Сонымен қатар, Архимед Мұхамбетов арнайы велосипед жолын салуды ұсынды. Жағалаудағы жолдардың кескін-сызбасы әкімдіктің ресми сайтына ілінеді. Жағалаудағы дуалдардағы суреттерді көрген әкім бұл бастаманы қолдайтынын айтты.

 «Мұның барлығы қаланың көркі үшін жасалады. Содан соң сапалы құм төсеу керек. Осы арқылы құмдағы волейболды дамытуға болады. Жалпы, жағалауда спорт алаңдары көп болуы тиіс»,- деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы қала шетіндегі «Кәріс көпірінде» болды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының міндетін атқарушы Ғылымбек Шохметов мұндағы екіжолақты жолдың орнына төртжолақты өтпе жол салынатынын мәлім етті. Көпірдің ұзындығы - 250 метр. 15 желтоқсан күні бұл аумаққа арнайы сараптама жасалады. Негізі 2019 жылы көпірді қайта жаңартатын боламыз», - деді басқарма басшысы.

Архимед Мұхамбетов көпірдің құрылыс-монтаждау жұмыстарына келесі жылы кірісуді тапсырды.



хат жіберу