Блог статистикасы
195
Жазбалар
4802
Өтініштер
187103
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 26 Августа 2019

Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетов жұмыс сапарымен Қарасу ауданында болды

23 тамызда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Қарасу ауданында болды.

Сапардың мақсаты әлеуметтік, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексеру, сондай-ақ ауданның 80 жылдығына арналған іс-шараларына қатысу болды.

Архимед Мұхамбетов "Аудандық маңызы бар "Қарасу-Большая Чураковка" автомобиль жолының 0-ден 13 км-ге дейінгі учаскесіндегі орташа жөндеу"жобасының іске асырылу барысын қарап шықты.

Жоба ағымдағы жылы басталып, 2019 жылдың күзінде аяқталады. Қазіргі уақытта асфальттың жоғарғы қабатын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

"Nur Otan" партиясының аудандық филиалында облыс әкімі төрт азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауда Қарасу ауданының тұрғындары шағын және орта бизнесті қолдау, автомобиль жолдарын салу, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін көтерді.

Одан әрі, облыс әкімі "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Қарасу орталық аудандық ауруханасында болды. "ASTANA GRAND TRADE" ЖШС демеушілік көмек көрсеткен Нұр сәби" балабақшасы мен Қарасу ауылындағы хоккей кортымен танысты.

Сонымен қатар, Архимед Мұхамбетов Қарасу ауылының жаңа саябағының ашылуында болып, Қарасу ауданының 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Қарасулықтарды 80 жылдығымен құттықтай отырып, облыс әкімі Архимед Мухамбетов Қарасу ауданы әрдайым ауыл шаруашылығы өнімдерінің ең ірі өндірушісі екенін атап өтті.

         "Тәуелсіздік жылдары ауданда 19,5 млн.тоннадан астам астық өндірілді. Ал өткен жылы сіздің диқаншыларыңыз облыс бойынша 850 мың тонна астық жинап, гектарынан 13,4 центнер өнім шығарды",–деп облыс әкімі атап өтті .

Жұмыс сапары Бармақ батырдың жоңғарлармен айқасу көрінісін тамашалаумен аяқталды.


хат жіберу