Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186658
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Галимжанов Эдиге Молдахметович

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаменті»

 РММ-нің (бұдан әрі-Департамент) ақпараты

Департамент басшысы – Ғалымжанов Едіге Молдахметұлы


Өмірбаян: Ғалымжанов Едіге Молдахметұлы

         1953 жылы 9 маусымда Кустанай облысының Орджоникидзе а. туған. Еңбек қызметін 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынан кейін Жетіғара орталық ауруханасының терапевт дәрігері болып бастаған. 1977 жылғы тамыздан бастап – Аршалы учаскелік ауруханасының терапевт дәрігері, 1977ж. қыркүйегінен бастап - Аршалы учаскелік ауруханасының бас дәрігері.

1977 жылдан 1989 жылға дейінгі кезеңде емхана меңгерушісінің, терапевтикалық бөлімшесі меңгерушісінің  лауазымдарын атқарды, сонымен қатар анестезиолог-реаниматолог дәрігерінің міндеттерін атқарды, ауданның бас дәрігерінің халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша орынбасары. 1989 жылдың наурызынан бастап 1997 жылдың мамырына дейін Едіге Молдахметұлы Орджоникидзе ауданының бас дәрігері, 1997 жылдың мамырынан бастап 1999 жылдың сәуіріне дейін – облыстық Қан орталығының  директоры. 1999 жылдың сәуірінен бастап - Қостанай облысының облыстық денсаулық сақтау басқармасының директоры. 2010 жылдан бастап «ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ директоры.

         Әлеуметтік гигена және денсаулық сақтау ұйымдары саласында Е.М.Ғалымжановтың теоретикалық және практикалық дайындығы жақсы.

         Оның басшылығымен халыққа медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, аса экономикалық амбулаторлық-емханалық көмекке көшу, әсіресе ауыл жерлерінде бірінші медико-санитарлық көмекті жаңарту және дамуын жүзеге асыру бойынша масштабты жұмыстар жүргізілген.

         Облбасқармасының басшысының лауазымында жұмыс істеген кезінде 101 фельшеро-акушерлік пункттер жаңартылған және ашылған, облыс медициналық ұйымдарының компьютерлік жүйесі енгізілген, барлық орталық аудандық ауруханалар, қалалық және облыстық емханалар және облыс ауруханалары жөнделген.

         Кадрлардың дайындалуына және жетілдіруіне, медицинада атап айтқанда эндовидеоскопиялық хирургия, дистанциялық литотропсия, компьютерлік томография, кардиохарургия жаңа технологияларын енгізуге  аса назар аударылған.

         Едіге Молдахметұлы облыс медиктарының және халықтың арасында беделді кісі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен, Қазақстан тәуелсіздігіне 10-жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Астанаға 10 жыл» медалдарымен, Гиппократ орденімен (Ресей) марапатталған. 

         Едіге Молдахметұлы 2012ж.17.05. «Лучшие люди» Халықаралық энциклопедиясына енгізілген. 2013 жылдың желтоқсанынан бастап Денисов ауданының құрметті азаматы. Үйленген. Жұбайы Клара Яковлевнаның мамандығы дәрігер. Ұлы Роман Қостанай мемлекеттік университетінің заң факултетін бітірген. Экономикалық сотта судья болып жұмыс істейді.

2013 жылғы 04 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің директоры болып тағайындалды.

Сенім телефоны: 54-98-90

Қабылдау бөлмесі: 54-98-90

Факс: 54-79-05

Эл.пошта: kostanai_kkmfd@mail.ru

Мекенжай: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 65.

хат жіберу